jasqazaq.kz

«Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ басшылары парамен ұсталды

17 қараша 2016, 19:51

snimok

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ басшысының пара алу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

Tengrinews.kz хабарлағандай, тергеу барысында «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ лауазымды А. Жақыпов (Басқарма төрағасының орынбасары), Б. Айтымбетов  (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Ғ. Сариев (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.

«Қылмыстық топтың әр мүшесі белгілі бір жұмыспен айналысқан. Осылайша, Айтымбетов құрылыс компанияларының өкілдерінен ақша алып, кейінірек ол қаражатты Жақыпов пен Сариевке берген. Өз кезегінде қалған екеуі келісімшарттар мен орындалған жұмыстар актісіне қол қойып отырған», — деді ұлттық бюро өкілдері.

Ұлттық бюродағылардың мәліметінше, қылмыстық топта 13 кәсіпорын болған. Ол құрылыс нысандары Орал, Көкшетау, Атырау, Ақтөбе, Тараз және Талдықорған қалаларында орналасқан.

17 қарашала 28 миллион теңге пара алып жатқан жерінен Жақыпов, Сариев және Айтымбетов есімді лауазымды тұлғалар ұсталды.

Сонымен қатар, «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ бірнеше рет пара бергені үшін Project City Group ЖШС басшылары мен оның құрылтайшылары — Есмұханов Б., Смағұлов Қ., Жұманазар Е. және Комаров А. есімді қызметкерлер ұсталды.

«Сондай-ақ, осы қылмыс бойынша пара алған компанияның бұрынғы басқарушы директоры Анарбай да ұсталды. Қазіргі уақытта ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды», — деді ұлттық бюро өкілдері.

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік