jasqazaq.kz

Бүгін — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан 2016, 12:35

Бүгін — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.  Осыдан 25 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Республика өз бетінше ішкі-сыртқы саясатты жүргізетін, өз аумағында билікті толық иеленген тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды. Демократиялану жолындағы бағыт Қазақстанды егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде, қазақ халқы ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап, өз бастамалары мен ерекшеліктерін жаңғырта алатындығын жария етуге мүмкіндік берді.  Биыл Қазақстанның өз алдына дербес ел болып, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет ретінде өмір сүріп жатқанына 25 жыл толып отыр. «25 жылда жүріп өткен ауыр да абыройлы жолымыздың мәні тұтас ғасырға тең деп айтуға болады. ҚР тәуелсіздігінің ширек ғасыры — Еуразия жүрегіндегі Ұлы далада жазылған мың жылдық тарихтың жаңа дәуірі. Біздің кең-байтақ даламыз — ғасырлар бойы сан алуан өркениеттерді тоғыстырған 9 жолдың торабы. Батыс пен Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстік осында Ұлы Жібек жолы бойында түйіскен. Қасиетті қазақ жерінің жылнамасы — күллі адамзаттың тарихындағы талай-талай ұлы оқиғалардың шежіресі. Мұнда сан түрлі тайпалар мен халықтар, олардың құдіретті одақтары мен империялары пайда болып, асқақтаған. Мыңжылдықтар толқыны бізге сол заманның көптеген ғажайып жәдігерлері мен көне дәуірлердің теңдессіз мәдениеті жайлы көп тылсым жаңалықтарды жеткізді. Біздің Ұлы даламыз қазіргі түркі тілдес халықтардың бәрі өрбіген алып бесік іспетті», — деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында.

ҚазАқпарат

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті