Азия ойындарында — үшінші алтын!

28 қыркүйек 2023, 13:09

Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында жерлестеріміз Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды.

Туризм және спорт министрлігі хабарлағандай, «Скит» жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан басым түсті. Қорытынды есеп – 40:35.

Осылайша Азия ойындарында еліміздің ұлттық құрамасы үшінші алтын медальді қанжығаға салды.

Кеше еліміздің әйелдер командасы  (Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина) «скит» жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатқан болатын. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.

Туризм және спорт министрі Ермек  Маржықпаев спортшыларды жеңісімен құттықтап: «Біздің мергендер тағы да керемет нәтиже көрсетті! Спортшыларды, жанкүйерлерді және команданың жаттықтырушылар штабын осы жеңіспен құттықтаймын. Бүкіл ел мергендерімізбен мақтанады. Бұл жеңіс мыңдаған қазақстандық жеткіншектерді осы спорт түрімен айналысуға шабыттандыратынына сенімдімін», — деді.

JQ-Aqparat 

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді