Әзірге ұсыныс

07 желтоқсан 2018, 12:54

Көлікке мінген көрікті қызды екі баланың анасы деп ойламаған едім. Тұрмыс пен жұмыс туралы әңгімені өзі бастады. Медициналық колледжде оқитын ол күйеуімен 15 жасында танысқан. Содан аяғы ауыр болып қалады.

Кейіпкерім Айбарша алдында түсікке баруды ойластырғанмен, артынан болашақ жарымен ақылдаса келе босануға бел буыпты. Жиырма жасында екі сәбидің шуағына шомылған ол жастай тұрмысқа шыққанына өкінбейді. Ал кезінде түсік жасатқанда қазіргі өмірі қалай болар еді? Осындайда түсік төңірегіндегі әңгімеге түрлі көзқарас барын байқайсыз.

Елімізде «16 жастан бастап түсік жасатуға заңмен рұқсат етілуі мүмкін» деген әңгіме шыққалы бері жұрттың жүйкесі жұқарды. «Бұл әлемде бар тәжірибе, қазір аяқасты бала көтеріп қалған қыздар көбейді» деген сыңайда пікір білдірген шенеуніктер осы заң арқылы жүктіліктің ерте кезеңінде тиісті медициналық көмек алуға мүмкіндік болатынын құлаққағыс жасауда.
Бір қарағанда жақсы бастама секілді. Мысалы, Батыс елдерінде мұндай заң ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алуға септігін тигізуде. Ал біздің ұлттық менталитеттің маңдайындағы бағы – иман, ар-ұят, абыройға ешкім дақ түсіргісі келмейді.

Қазіргі заңда кәмелетке толмаған қыздарға медициналық көмек көрсету үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі керек. Адам тағдырына деген алаңдаушылықтың бір нұсқасы осы. Өкінішке қарай, елімізде ерте жүкті болған қыздар қатары азаймауда. Былтыр 3,5 мыңға жуық жасөспірім қыздың аяғы ауыр болып қалған. Байқаусызда аяғын шалыс басқан қыздармен жұмыс істейтін 105 жастар орталығының қызметі толық пайдаланылмауда. Осындай оқиғаларға Біріккен Ұлттар Ұйымынің өкілдігі де алаңдаулы. Мысалы, Қытайда 1000 қыздың екеуі ғана босанса, бұл көрсеткіш бізде – 36.

Елімізде кәмелеттік жас – 18 жас. Ресейде – 14 жас. Жалпы, осы жастағы адамға бала ретінде қарау – қате көрінеді. Мәселеге мән берген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «16 жастағы қыздарға ата-анасының рұқсатынсыз түсік жасатуды» халықпен бірге талқылаған соң ғана шешім қабылданатындығын жеткізді. Бұл да дұрыс шешім болуы әбден мүмкін. Ал профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Сараш Қоңырбаева: «Мұны мүлде дұрыс деп санамаймын. Бұл ұсыныс тәрбиеге немқұрайды қарамайтын адамдардың да қарсылығын тудырып отырған болуы керек. Ресейлік тәжірибе бізге үлгі болмайды ғой. Діні де, құндылықтары да, өмір салты да бізге ұқсамайтын елдің істегенін қайталай беру, мемлекеттің беделіне нұқсан емес пе? Үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбиені біліммен қатар қарастыратын артықшылығы бар елміз ғой.

Жасөспірім қыздарға түсік жасату – тіпті ата-ананың рұқсатымен болғанның өзінде, мәселені шешудің дұрыс жолы емес. Жасанды түсік жасатуға жол көрсеткенше, тәрбиеге баса назар аударуымыз керек. Тәрбиедегі басты құндылығымыз – ата-ананы тыңдау, сыйлап, құрметтеу болса, қыздарға ата-анасының рұқсатынсыз түсік жасатып, көмек беру арқылы оларды өз отбасынан, ата-анасынан бездіруге мүмкіндік береміз.
Егер түсік жасатуға, мүшеқап таратуға рұқсат берілсе, одан сорақылық көбеймесе, азаймайды. Алдағы уақытта «қызым үйде – қылығы түзде» қағидасының эмоциялық емес, әрекеттік қасіретін тартады», – дейді.

Әзірше елімізде талқылау жүріп жатыр. Сондықтан әліптің артын бағайық.

 

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Бүгін, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?