Әжелердің ақшасын алып кеткен дроппер ұсталды

04 қыркүйек 2023, 20:03

Полиция қызметкерлері Көкшетауда студент-дропперді ұстады. Жас жігіт  жалғыз тұратын үш зейнеткерден 2 миллион теңгеден астам ақша алып үлгерген.

Polisia.kz. хабарлағандай, көкшетаулық үш тұрғын алаяқтың құрбаны болған. 29 және 31 тамызда 88 жастағы, 84 жастағы және 82 жастағы жәбірленушілерден қалалық телефонға бірдей ақпаратпен қоңырау түскен. Белгісіз абоненттер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, немерелері жол-көлік оқиғаларына тап болғанын айтқан. Осылайша алаяқтар мәселені ақшаның көмегімен шешуді ұсынған. Жалғыз тұратын әжелер туыстарымен бірден байланысқа шыға алмаған. Сөйтіп зейнеткерлерден ақшаны Көкшетау колледждерінің бірінің студенті, 19 жастағы курьер алып кеткен.

Жедел уәкілдер дропперді 31 тамызда анықтап, ұстады. Студенттің айтуынша, ол алаяқтық туралы білмеген,  жұмыс беруші ақшаны алып, оны көрсетілген шоттарға аудару керек екенін айтқан. Колледж студенті жаңа жұмысын 27 тамызда мобильді қосымша арқылы тапқан көрінеді. Жұмыс кестесі өзіне ыңғайлы болған. Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты қылмыстық схемаға қатысушылардың бірі ретінде қылмыстық іс жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

JQ-Aqparat

 

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді