Ажар Ғиният немересіне қызылшаға қарсы екпе салдырды

09 қараша 2023, 10:43


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін барлық қазақстандық ата-аналарға балаларын қызылшаға қарсы уақытылы вакцинациялауға шақырды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
«Бүгін немерем екеуміз әлемнің көптеген елдеріндегідей біздің еліміздегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қызылшаға қарсы екпе алу үшін қалалық емханаға келдік. Сонымен қатар Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы қыркүйек айынан бастап байқалды, балалар ұзақ уақыт жабық үй-жайларда өткізетін мектепке барды», — деді министр бүгін Астана қаласының 9 емханасында.
Ол бұл инфекцияның әсіресе жұқпалы екенін, жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тез берілетінін атап өтті.
«Сондықтан біз соңғы екі айда бұл аурудың күрт өскенін көріп отырмыз. 13 мыңнан астам адам ауырып қалды, оның 83%-ы негізінен 5 жасқа дейінгі балалар, егілмеген ересектер де бар», — деп жалғастырды Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Бұл жағдайда науқастардың 70%-ы егілмеген балалар.
«Олардың көпшілігі, яғни 60%-ы вакцинациялаудан бас тартуға байланысты егілмегендер, медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты 18% егілмегендер, 22% егу жасына жетпегендер. Бүгінгі таңда барлығы 2013 бала, оның ішінде 30 бала ауыр жағдайда емдеуге жатқызылды», — деді министр.
А.Ғинияттың айтуынша, қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі аясында қосымша иммундау жүргізу туралы шешім қабылданды. Ол қаңтар айының соңына дейін созылады, вакцина жеткілікті.
«Қызылшаға қарсы профилактикалық екпесі жоқ балаларды егеміз, инфекция ошақтарында екпе алмаған байланыста болғандарды егеміз. Баршаңызды аурудан сақтану үшін емханаға шақырамыз», — деді министр.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу