Ажал шақыратын арал

19 шiлде 2019, 12:02

Әлемде әйгілі аралдар көп. Оның бірі жұрттың жансарайын ашып, тыныш тыныға алатын аймақ болса, екіншісі — адам аяғы баспаған азапты жер.

Олардың қайсыбірін біз интернеттерден, билбордтардан көріп, бас шайқап жүргенде, ажал шақыратын аралдарға қызық қуып баратындар да ұшырасады. Солардың бірі де бірегейі – Бразилияның Сан-Пауло штатындағы Кеймада-Гранди.
Кеймада-Гранди аралын Атлант мұхиты қоршап жатыр. Жасыл желекке бөленген аралда құздар да көз арбайды. Жемістерге толы ағаштар көркімен де, бұтақтарын майыстырған жемісімен де таңғалдырады. Алайда оның көркіне көз тоятын жұмбақ жерді аралаудан жұрт сескенеді. Онда қонақ үй деген атымен жоқ, бір баспана, қыбыр еткен кісі көрінбейді. Былайша айтқанда үрей билеген үй секілді.
Бразилиялықтардың өздері Кеймада-Грандиге барудан жүрексінеді. Туристерді ертіп барудан да бірден бас тартады. Ақша қызықтырғанмен ажалдан қорқатын адамдар тыныш жүргенін қалайды. Өйткені жылан жайлаған орман тек өлім шақырып тұрғандай көрінеді. Жыландарымен жан түршіктіретін жер әлемнің еш жерінде ұшыраспайды екен.
Мұнда осы аралға тән улы жыландар өте көп. «Арал ботропсы» деп аталатын жәндік қай жағыңнан қашан келіп қалғанын білмейсіз. Жер шарының ешбір бұрышында қылаң бермейтін улы жәндік шаққан нәрсесін тірі қалдырмайды. Тіпті олардың жылдам жұмыртқалап, тез көбею үрдісі аралдың айласын тауыса бастағандай. Бұл жылан адамды қандай күйге түсірерін білесіз бе? Ол шағысымен адамның бүкіл денесі жансызданып сала береді. Жан-жануарға, аңдарға да дәл осындай әсер етеді. Мәселен тышқандар 2-3 секундта өліп қалады. Оның тісі тиген адамдардың үйіне аман оралуы мүмкін емес.
Аралдан алыс тұратын бразилиялықтар арасында аңызға бергісіз әңгімелер бар. Оның бірі былайша өрбиді: Бір балықшы мәуелі ағаштан жеміс жеу үшін Кеймада-Гранди аралына жүзіп барады. Жерге табаны тимей жатып оны ботропс шағып алады. Дем де теңселіп барып қайығына құлайды.
Бірде жақын маңда жүрген балықшылар қайық ішіндегі мүрдені көріп қалады. Осылайша жыланның бір құрбаны әп-сәтте өмірмен қоштасады.
Тағы бір аңыз былайша өрбиді: Маяк күзетшісі отбасымен бірге аралда тұрады. Бір күні адам шошырлық оқиға болады. Отбасы түгел қалың ұйқы құшағында жатқанда үй іші жыланға толып кетеді. Таңертең оянғанда қаптаған жыланды көріп жан жаққа қашады. Алайда бірде бірі тірі қалмайды. Олардың өлі дерелерін әскерилер тауып алады. Осы оқиғадан соң маякты автоматты түрде жұмыс істейтін жабдықтармен ауыстырылады.
Кеймада-Гранди аралына баруға заң бойынша тыйым салынған. Осы сақтандырудан кейін-ақ қандай қиындықтарға тап болатыныңызды ойлай беріңіз. Жыландарға жем болғысы келетіндерді тек есі ауысқандар қатарына қосуға болады. Мысалы ботропс ағаш жапырақтарына немесе бұта арасына жасырынады. Жылан жатқан жерді қолмен немесе аяқпен түрту – өлімге соқтыратын жағдай.
Оқымысты-серпентологтар ажал шақыратын аралға барып тұрады. Бірақ жылан шағудан сақтанандыратын ережелерді қатаң сақтайды. Деректе фильм түсіруге құштар азаматтар да рұқсат алғанымен тірі қайтуларына ешкім кепілдік бермейді. Олар сақтық үшін қажетті құралдарын түгел алып жүреді.
Талайды тамсандырған Кеймада-Гранди аралы жұмбақ жерлердің төресі. Әзірше тұмса табиғатты мыңдаған туристер алыстан ғана тамашалап келеді.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?