jasqazaq.kz

Азат Перуашев: EXPO және Almaty Towers-тегі опат бақылаудың жоқтығынан

07 желтоқсан 2016, 15:00

snimok

EXPO және Almaty Towers-тегі оқиғалар елдегі құрылыс ғимараттарына бақылаудың жоқтығы проблемасын жаңа деңгейге көтерген. Бұл туралы ҚР Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев айтты.

Tengrinews.kz хабарлағандай, «бүгінде зәулім ғимараттардың қауіпсіздігі, күрделі құрастырмалардың қауіпсіздігі техникалық ережелермен де, құрылыс нормалары мен ережелерімен де, бақылау органдарымен де қамтамасыз етілмейді. Бақылау органдары ештеңені де тексере алмайды, ештеңені бақылай алмайды, қауіпсіздік деңгейі төмен ғимараттарда ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік деңгейі жоғары нысандарда да бақылау жоқ. Бұл ірі жүйелі проблема», — деп мәлімдеді депутат Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.

Оның айтуынша, EXPO аумағындағы құрастырманың опырылуы мен Almaty Towers ғимаратындағы өртпен қатар, Астана мен Алматыда ғана емеес, басқа да қалалар мен елді мекендердегі соғылып жатқан ғимараттардың сапасы мен қауіпсіздігін бүгінде ешкім бақылап отырған жоқ.

«Батут орталығының (Almaty Towers — авт.) иесінің қорғаушылары ғимаратты ешкімнің тексермегенін мәлімдеді. Өрт сөндіру қызметі тексермеген, мұны есіктің құлыпталып қалғанымен дәлелдеуге болады, өрт қауіпсіздігі ережесі сақталмаған, ал олар қазіргі біздің нормалармен тексере алар еді. Мұнда мәселе бір ғана жобалаушыны тексермеу жайында, жоғары және орташа деңгейлі қауіпсіздігі бар нысандардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылаудың жүйесін қайта қарау керек», — деді Перуашев.

«Ал EXPO-ға келсек, жобаның жаңа бір сараптамасы өткізіледі, құрастырманы бекіту бойынша техникалық мәселелер қаралады, себебі бұл кезеңде барлығын толықтай қайта соғу мүмкін емес. Әрине, аяз түсті, қысым металға түскен шығар, бұл мәселені шешуге болатынына сенімдімін, әрине, қосымша шығындар енгізу керек, бірақ барлығы қалыпты жағдайда деп сенемін», — деді депутат Айқын Қоңыров. Ол «Астана ЭКСПО-2017» ҰК батқан шығынды жобалаушы компания өтеп беруі тиіс екенін айтып отыр.

Бүгін, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік