Азат Перуашев Бишімбаев туралы: Елге қызмет ету білімнен емес, мінезден

16 қараша 2023, 14:21

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың мінезі туралы пікірін айтты.

Kazinform.kz агенттігі жазғандай, «Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумының алдында депутатқа: «Әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевты жеке танитын ба едіңіз? Сізге ол қандай адам ретінде көрініп еді?» — деген сауал қойылды.

Депутат оны жеке танығанын, экономикалық білімі жоғары адам ретінде білетінін айтты.

«Иә. Енді ол, біріншіден, білімді адам. Экономика, одан кейін мына тіл жағынан білімді адам. Бірақ Әлихан Бөкейхан айтқан сөз бар ғой: «Елге қызмет ету білімнен емес, мінезден». Мінезі қандай екенін ол қазір көрсетті ғой. Сондықтан мен оған сот бола алмаймын. Халық оған сот болсын. Сот ол жайында шешім шығарсын», — деді Мәжіліс депутаты.
Сондай-ақ, ол мұндай келеңсіздіктің ар жағында тәрбиедегі келеңсіздік жатуы мүмкін екенін де айтты.

«Меніңше, біз балаларымызға білім берейік десек, оларға дұрыс бағыт берейік десек, ең алдымен тәрбиемен айналысуымыз керек сияқты», — деді Азат Перуашев.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу