jasqazaq.kz

Азаматтық қоғаммен тиімді серіктестік – Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың берік іргетасы

16 қазан 2025, 14:52

Республика күні қарсаңында Астанада «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі» ұранымен өткен Қазақстанның XII Азаматтық форумы аясында пленарлық отырыс өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше,  жиын жұмысына 700-ден астам делегат қатысты. Олардың қатарында Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес қауымдастығы, сондай-ақ отандық және халықаралық сарапшылар бар. Сондай-ақ, форумға 38 шетелдік қонақ, оның ішінде 19 елшіліктің өкілдері, 10 халықаралық ұйым және алты елден келген делегаттар қатысты.
Пленарлық отырыс Мемлекет басшысының құттықтау сөзімен ашылды. Президенттің сөзін ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев оқып берді.

Мемлекет басшысының құттықтау хатында: «Қазір Қазақстанда 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Оларды мемлекеттің сенімді серіктесі деуге толық негіз бар. Шын мәнінде, сіздер еліміздің береке-бірлігін нығайтуға, «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыруға белсене атсалысып жүрсіздер. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді.
Бес жылда арнайы әлеуметтік тапсырысқа бөлінетін қаржы екі есеге жуық өсті. Бұл қаражат игі бастамаларды жүзеге асыруға, мұқтаж жандар мен жастарды қолдауға жұмсалып жатыр. Ортақ мүдде жолындағы осындай өзара тиімді ықпалдастық алдағы уақытта да жалғасын табады. Бүгінгі басқосуда айтылатын салмақты ой-пікірлер мен ұтымды ұсыныстар азаматтық қоғамды дамытуға тың серпін береді деп сенемін», – делінген.

Іс-шара барысында үкіметтік емес ұйымдар өкілдері тұрақты даму мен экологиядан бастап, цифрландыру, инклюзия және жастар бастамаларын қолдау сияқты негізгі бағыттар бойынша өздерінің сараптамалық баяндамалары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Форумға қатысушылар мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы тиімді серіктестік – Әділетті әрі тұрақты Қазақстанды қалыптастырудың берік іргетасы екенін атап өтті.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева форум делегаттарына арнаған сөзінде мазмұнды баяндама жасаған барлық қонақтар мен спикерлерге алғысын білдірді. Ол бүгін айтылған идеялар мен ұсыныстар алдағы уақытта нақты іске асып, қоғамда өзара сенімді, әлеуметтік жауапкершілік пен ашық диалог мәдениетін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Сонымен қатар Аида Балаева Парламенттік реформаның маңыздылығын атап өтіп, бұл өзгерістер заңнамалық базаны жетілдіріп, мемлекеттік шешімдер қабылдау процесін барынша ашық әрі әділ ететініне назар аударды.
«Президент өз Жолдауында атап өткен Парламент реформасы – елдің саяси жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңі. Реформа заң шығару мәдениетін жетілдіріп, мемлекеттік шешім қабылдау үдерісін ашық әрі әділ етуге жол ашады. Осы ретте барша азаматтық қоғам өкілдерін бұл бастаманы терең талқылап, оның мәнін қоғамға түсіндіруге белсене атсалысуға шақырамыз», – деді министр.

JQ-Aqparat

Сурет: мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады