Азамат Сатыбалды: Бір тал шаш денеме түспеуі керек

11 қазан 2023, 17:04


Актер Азамат Сатыбалды отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде тоғыз ағайындының кенжесі болып ерке өскені және жеке өмірін көпшілікке жария етпеуінің себебін түсіндірді.
«Көз тиіп кете мен деп қорқамын. Мен негізі ырымшыл адаммын. Көп нәрсеге сеніп қаламын. Мен өзімді бақытты адаммын деп есептеймін. Өйткені Алла тағала мені қорғап, қорғаштап, жан-жағымды маған икемдеп жасаған сияқты болып көрініп тұрады. Өзім үйдің тоғызыншы баласымын. Ешқашан қолыма күрек ұстап, жұмыс істеген емеспін. Біздің үй таудың етегінде орналасқан. Күн салқын. Кешкі ас ішерде Жанат деген ағам тамағымды суытып отырады, Санат ағам шайымды суытып отырады, екінші әпкем нанға май жағып отырады, енді бір ағам менің жататын төсегіме барып жатып, жылытады. Баласың ғой, киіміңді шешіп жатқан кезде салқын, денем тітіркеніп кететін. Содан мен барып жатқанда жылы болуы үшін, ағам барып жатады. Шашымды алған кезде аға-әпкелерім жан-жағымда тұрады. Бір тал шаш денеме түспеуі керек. Түссе бітті, жылаймын. Солай еркелеп өстім», – дейді актер.
«Кейін өнерге келдім. Өнер танымалдылық әкелді, ол ді бір еркелік. Одан қалса Назгүл бар, ол да еркелетеді. Жалпы үйде көп жұмыс жасамаймын. Үйдегі жұмыстарды ағаларым келіп жасап кетеді. Үй шаруасымен Назгүл айналысады. Осыған көз тиіп кетпесе екен, осы күйінде қала берсе екен деп тілеймін», – дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді