jasqazaq.kz

Қазақты қаптаған аздырушылардан кім құтқарады?

28 қантар 2017, 10:44

Күн өткен сайын елдегі кей телеарнаға қараудан жүрек айнитын жағдайға келгелі қашан?

Кілең бір «Ыржыңбайлар» мен «Ырбыңгүлдер», сайқымазақтар, шала-пұла әртіссымақтар. Хабар жүргізетіндер де – солар, хабарға қатысатындар да – солар. Менің бір жақсы досым: «Кәсіби тележурналистер емес, қаптаған тоқалдар, тоқалщиктер немесе тоқал ешкілер», – деп еді, оның сөзінің жаны бар сияқты. Солардың кейбіреуінде сайқымазақтықтан басқа білім де, білік те жоқ, шіркіндер…

Бұл не қылған таусылмайтын күлкі, таусылмайтын мазақ? Қазір қазақ күлетін жағдайда ма өзі?

Телеарналардағы «Түнгі студиялардың» анау нағыз ұятсыз «Түнгі клубтардан» қандай айыр­машылығы бар? Олардың экранның арғы жағында не істеп жатқанын Құдай біледі… Жаппай ұлтты, әсіресе бүгінгі қазақ жастарын аздыруда, жаман жолға түсуге итермелеуде. Телеарналардағы мұндай сүйкімсіз телехабарлардың ықпалы күшті.

Беттерін баттита бояған, жырым етек, шолақ етек, жалтыр сан, талтайғандарға, шалқайған­дар­ға, көздерін мөлиткен, сықсиған, бүксиген тірі қуыршақтарға қарағың да келмейді. Маған біздің телеарналарды кілең әртіссымақтар жаулап ал­ғандай әсер етеді. Кәсіби тележурналистер қайда?

Бұларды мына біздің шүлдір билік қасақана есіртіп қойған сияқты. Бұл санасыз есіріктер күндіз-түні қазақты мазақтаудан шаршайтын емес. Бір салмақты, салиқалы телехабар жоқ.

Ұлттың жағдайын, елдің халін, ұлттық құндылықтарды, жалпы, елдегі саяси ахуалды талдайтын, қозғайтын бірде-бір танымдық телехабар немесе сол телехабарды жүргізетін тележурналис­тер тірі қалмаған сияқты әсер етеді.  Қай телеарнаға, қай телехабарға, оларды жүргізушілерге қарасаң болды, жүрегің айниды.

Осыған үнсіз төзіп отырған біздің теле­кө­рермендердің төзімі не деген мықты еді?!

Биліктің ұшар басындағылардан бұл телеарналардың басшыларына: «Қазақты қорлай беріңдер, мазақ ете беріңдер, сөйте берсеңдер, өздері де азады» деген арнайы тапсырма бар сияқты ма, қалай?  Құдайшылығын айтыңыздаршы! Басқаша ойлау мүмкін бе өзі?

Мына қаптаған «Ырбыңбайлар» мен «Жырбыңгүлдерден», «тоқалдар мен тоқалщиктерден, тоқал ешкілерден» қазақты кім құтқарады?

Жұмаш КӨКБӨРІ,

байырғы тележурналист

zamana.kz

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті