jasqazaq.kz

Қазақстан Ыстамбулдағы лаңкестік әрекетті айыптады

01 қантар 2017, 15:47

Қазақстан СІМ Стамбул түнгі клубында болған терактіге қатысты мәлімдеме жасады. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Стамбулдағы терактіні қатаң түрде айыптап, оны «пасық қылмыс» деп атады.
Санта-Клаус боп киінген адам Жаңа жыл түні Стамбулдағы Reina түнгі клубында қонақтарға шабуыл жасады. Соңғы мәліметтер бойынша, шабуыл нәтижесінде 39 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алған. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқан 21 адамның ғана кім екені анықталды, олардың 16-сы шетелдік, бесеуі Түркия азаматтары. Түркия ІІМ болған оқиғаны теракт деп атады. Қазіргі уақытта шабуыл жасаған адам іздестірілуде.

«Стамбулда 2017 жылы 1 қаңтарда болып, ондаған адамның қазасына әкеп соқтырған террорлық актіні қатаң түрде айыптаймыз. Әлем терроризмнің тағы бір көрінісі — осы бір пасық қылмыстың куәгері болды, оның ұйымдастырушылары мен насихаттаушылары анықталып, тиісті жазасын алуы тиіс», — делінген министрлік мәлімдемесінде. Ведомство қаза тапқандардың отбасына шын жүректен көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Ал, бауырлас Түркия халқы мен билік өкілдеріне терроризмге қарсы күресте қажыр-қайрат пен табандылық тілейді.

sputniknews.kz

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті