Қазақ даласындағы ағылшын ізі

17 қазан 2016, 11:42

373152

Алматыда «Қазақстан. Ұлы саяхат тарихы» атты фильмнің түсірілімі жүріп жатыр. Аталған туынды елімізге келген Томас АТКИНСОННЫҢ ұрпағы туралы баяндайды. Фильм сол кезде аты әлемге таралған британдық саяхатшының қазақ еліне келгеніне 170 жыл өткен соң түсіріле бастады. Туынды авторлары көп қызықты жайттарды баяндайтын болады, сондай-ақ, британ отбасыларында балаларды неліктен Алатау Тамшыбұлақ деп атайтынын түсіндіреді.

Келдік және таң қалдық

Осы жазда Қазақстанға Томас Аткинсонның ұрпақтары келген еді. Томас ХІХ ғасырда Шығыс және Солтүстік Қазақстанға барып, сол жерлерді зерттеген алғашқы британдық саяхатшы. Томас мамандығы бойынша сәулетші еді, ал біздің жерімізде аз да емес, көп те емес жеті жыл тұрыпты. Ол қазақ жерінде көргеннің бәрін қағаз бетіне сурет түрінде түсіріп, қазақтардың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін күнделікке жазып отырған. Сондай-ақ, Томас пен оның әйелінің басты қуанышы — ұлдары қазақ жерінде өмірге келген.

* Фильм идеясын ұсынған Samruk-Kazyna Trust, біз де түсірілім жұмыстарына қуана-қуана кірісіп кеттік, — дейді режиссер Оскар Бахтеев. – Аткинсонның туған-туысқандарымен бірге бір аптадан аса уақыт бойы Қазақстанды араладық. Бір қызығы, олардың барлығы – бұл тоғыз адам – егде жастағы адамдар. Біз оларды Астананың әуежайында алғашқы рет көргенде, біздің маршрутпен жүре алатынына қатты күмәндандық. Алайда олар бәріне шыдады. Алла тағала осындай жасқа келгенде бәрімізге де осындай денсаулық берсін. Ағылшындықтардың қазақ жеріне аяқтары тиген кезде қалай жайдары келсе, елдеріне де сол көңіл-күйде қайтты.

Айта кететін жайт, Томас Аткинсонның ұрпағы көшпенділер сияқты жердің түкпір-түкпіріне кетіпті. Алайда оларды АҚШ, Ұлыбритания, Жаңа Зеландиядан іздеп тауып, Қазақстанға шақырдық. Олар Астана, Алматы, Талдықорған, Сарқанд, Қапал, Алакөлге барып қайтты.

373156

* Олар бізден шақыру алған кезде, көп ойланбастан, бірден келісті. Өздеріне қызық еді, өйткені өз отбасының тарихын біледі, — деп сөзін жалғастырды режиссер. – Аталары танымал адам болғанын біледі. Ұлыбританияда Аткинсонның есімін білмейтін адам жоқ. Ол Қазақстанды сурет етіп түсірген алғашқы адам еді, сосын өз жұмыстарын бірінші кезекте Ресейге көрсеткен. Жұмысы үшін Ресей император оған алтын жүзік (перстень) сыйлаған болатын. Сол жүзік әлі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа табысталуда.

Қазақстанға келген топтың ішінде британ жазушысы Ник Филдинг те болған. Ертеректе ол Лондонда «South to the Great Steppe – The travels of Thomas and Lucy Atkinson in Eastern Kazakhstan, 1847-1852» (Оңтүстіктегі Ұлы далаға – Томас пен Люси Аткинсонның 1847-1852 жылдары Шығыс Қазақстанға жасаған саяхаты) кітабының тұсауын кескен. Енді Қазақстан да бұл кітаппен таныс, келешекте кітап қазақ және орыс тілдеріне аударылатын болады.

* Менің білуімше, кітаптың жазылу тарихы былай екен: Ник Филдинг Қазақстан және Орталық Азияның басқа мемлекеттерін аралап қайтады. Бұл оның жеке сапары еді. Сосын ол біздің еліміз туралы ақпарат іздей бастайды. Іздеп жүріп Томас пен Люсидің тарихына тап болады, — дейді сценарий авторы

Диана Әлишева. – Ақпаратпен мұқият танысып, көптеген материалдар жинап, сол жерлерді іздеп Қазақстанға қайта келеді. Әрине, көп уақыт өткендіктен, жерлердің атауы өзгеріп кеткен-ді. Алайда тапқан материалдардың барлығын өз кітабында жариялаған.

373153

Аткинсонның ізімен

Саяхатшылар тобы Аткинсонның «ізімен» жүрді. Аталары сияқты олар да атқа мініп, киіз үйлерде өмір сүрді.

* Сол заманның қиыншылықтарын түсінгіміз келді. Мысалы, қазір біз дайын көлікке отыра салып, тауға бір күннің ішінде шығып, қайтып келеміз. Ал Томас болса, кішкентай баласымен, әйелімен, оның үстіне жүгін арқалап, атқа мініп, түйеге отырып, жүздеген километр жүріп өткен. Бұған үлкен күш-қайрат керек, — деп түсіндіреді Оскар Бахтеев. – Ол кезде заман да тыныш емес еді ғой. Қарапайым жағдайы жоқ адам қалай сурет салды екен деп біз де, оның ұрпағы да таң қалдық. Адам өз ісіне деген сүйіспеншілігінің арқасында ғана қиыншылыққа мойымайтын шығар. Аткинсон сұлтандар мен билердің, бақсылардың, қарапайым халықтың, таулы жерлердің суреттерін бүге-шегесіне дейін қалдырмай салған.

Маңызды есім

1848 жылы Жоңғар Алатауының Қапал жерінде Люси мен Томас ұлды болады. Оған Батыс мәдениеті үшін ерекше Алатау Тамшыбұлақ есімі беріледі.

* Аткинсон ұрпағының айтуынша, Алатау Тамшыбұлақ еш уақытта атын британдықтарша Эл немесе басқаша қысқартып айтуға рұқсат бермеген, — дейді сценарий авторы. – Ол қашан да өзін Алатау Тамшыбұлақ Аткинсон деп таныстырып, атын толық жазатын. Ал ол дүние салған соң, отбасындағы тағы бірнеше балаға оның есімін берген екен. Белгілі болғандай, Алатау Тамшыбұлақ Ұлыбританиядан Гавайға көшіп кетіп, сол жерде қоныстанған.

Аткинсонның шөпшегі Пол Далквистің әйелі фильмде өз баласының есімін Алатау Тамшыбұлақ деп қойғысы келгенін айтады. Алайда оған Пол рұқсат бермейді. Дегенмен, кейін Қазақстанға келгенде осы жайтты Полдың өзі өкінішпен есіне түсіреді.

Айта кететін жайт, ағылшын саяхатшылары өз баласының атын қойған Алматы облысындағы Капал аулында Тамшыбұлақ бұлағында мемориал ашылған екен. Бір қызығы, Қапалдың жергілікті тұрғындарының өздері осыдан жарты ғасыр уақыт бұрын болған бұл оқиғаны білмейтін көрінеді.

* Ол заманда күн көру қиын еді. Нәрестелердің үштен бірі ғана шетініп кетпей, аман қалатын. Өзіңіз ойлап қараңыз, қонақүй , жылы төсек-орын жоқ, түз дала. Аңыз бойынша, Люси баласын Тамшыбұлақ суына шомылдырады екен, — дейді фильм түсірушілері. – Кейін өз кітабында осының арқасында бала аман қалған, деп жазады. Негізі, Люси жергілікті емшілермен көп ақылдасатын. Олар баланы суықтан қалай аман алып қалуға болатынын көп айтатын (алайда бұл тарихта дәлелденбеген). Оған баланы қалың қамырға орап, пештің көмірмен жылынатын жеріне жатқызу керек деп кеңес беретін. Және осындай әңгімелер өте көп.

373154

* Мәселен, Филдингтің айтуынша, сұлтандардың бірі Люсиге ес-түссіз ғашық болып, әйелі болуға ниет білдіреді екен. Әрине, ол кезде Люси Томаспен шаңырақ көтерген тұрмыстағы әйел еді. Сондықтан сұлтанның шетел қызына ғашық болып, махаббаты туралы мұңлы әні жазылады. Кейін ол ән ауылдан ауылға тарап кеткен. Филдинг сол өлеңді табуға тырысқан еді, алайда әзірге таппады. Енді біз де қазақ халқының ауыз әдебиетінде Люси туралы бір әннің бар екенін білеміз…

Қонақжайлық қазақтың қанында

Томас Аткинсонның еңбегіне сүйсіну мүмкін емес. Жат жерге барып, суретші ретінде өзінің кәсіби мүмкіндіктерін шыңдай түсемін деп, құнды тарихи материал жинаған.

* Томас Аткинсонды «есінен адасқан» адам деуге болады. Сурет салу үшін кең далаға, адамдарға ғашық болу керек. Ол жылы әрі әдемі басқа мемлекеттерге барса да болатын еді. Алайда Қазақстанға келіп, жерімізді зерттеп, жеті жыл осы жерде өмір сүрді. Бұл оның мінезін көрсетеді. Сол уақытты, яғни ХІХ ғасырдың ортасын сурет арқылы сапалы түрде көрсете алған Томас қана, кейін осы жерге орыс географы Семенов Тян-Шанский келеді. Томастың көптеген шығармашылық туындылары фильмде көрсетілген.

Томас Аткинсон көпшіліктің адамы еді, адамдармен тез тіл табысатын. Жергілікті тұрғындар ағылшындықтарға көп көмектесіп тұрған, өйткені олардың адасып кетуі де мүмкін еді. Оларды қонақ қылып, дастархан жайып қарсы алатын. Аткинсонның туғандары Қазақстанға келгенде, қонақжайлық қазақтардың қанымен бұйырған деп айтқан екен. Олар ертеректе көп елді араласа да, оларды еш жерде қазақ сияқты қонақ қылмаған көрінеді.

373155

* Бұл фильм танымал саяхатшы жайында ғана емес. Келешекте туристер көбірек келу үшін еліміздің жарнамасы мен имиджі үшін де түсіріліп жатыр. Қазақстанның ең әдемі, ең көрікті жерлері көрсетілген. Сондай-ақ, Томастың тарихы да керемет. Деректі емес, бір көркем киноға жетерлік.

«Қазақстан. Ұлы саяхат тарихы» фильмі тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына арналған, ал тұсаукесері жыл соңына жоспарланып отыр. Фильм Би-би-сидің қолдауымен түсірілген. Сондай-ақ, британдық телеарна Аткинсон ұрпақтарының Қазақстанға келуі жайында өз деректі фильмін көрсететін болады.

Алматы

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?