Ayree: Мені түсінетін жанды таппадым…

26 тамыз 2023, 15:22

Әнші Ayree (Әйгерім Рақышева) соңғы берген сұхбатында біраз сырын ақтарды.

«Мен біреумен кездеспес бұрын барлығын ашық айтамын. Уақытты құр өткізгім келмейді. Одан «Жауапкершілік алуға дайынсың ба?» деп миллион рет сұрадым. Маған қолдау білдіретін, отбасы болатын адам керек. Шынымды айтсам, менің көңілімді тапқысы келетін жігіттер көп. Әйгеріммен емес, Ayree-мен кездескісі келетіндер көп. Менің сезімімді талқандап кеткен қарым-қатынасты бастан өткердім. Ол менің өзім жайлы көпшілікке айтқанымды қаламады. Ол мені ұнатқанымен, басқа дүниелерді қабылдай алмады. Мен мұны кеш түсіндім. Мұны маған сатқындық жасап, қорлап, жүрегімді жаралағаннан кейін ғана түсіндім. Осыдан соң екі жыл күйзелісте жүрдім», — деді.

Әнші ұлы үшін ешқашан ұялмағанын жеткізді. «Ұлым үшін, оның ерекше бала болғаны үшін ешқашан ұялған емеспін. Тек отбасыма ешкім тіл тигізбесе екен дедім. Осыдан біраз уақыт бұрын берген сұхбатымда отбасым жайлы бар шындықты айтқым келген. Ал сол кезде кездескен азаматым рұқсат бермеді. «Әлі уақыты келмеді» деді. Алайда сол уақытта түсінбеппін. Біз екі жыл кездестік. Ол да шоу-бизнес адамы. Бұл жағдай мен үшін сабақ болды. Жанымда болатын, мені түсінетін адамды әлі таппадым», — дейді әнші.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз