jasqazaq.kz

Аяғы ауыр екенін білгенімде, өлтірмес едім: NCOC бөлім басшысын өлтірген қылмыскерге соттың шешімі шықты

17 қыркүйек 2025, 15:18

Сурет: Azh.kz

NCOC бөлім басшысын өлтірген қылмыскерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұнай компаниясы NCOC-тың бөлім басшысы, 46 жастағы Бибігүл Шпанованы өлтірген ер адамға үкім шығарды.

Azh.kz сайты хабарлауынша, Сот айыпталушының кінәсі куәгерлердің, жәбірленушілердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, бейнежазбалармен, оқиға орнын қарау хаттамаларымен және заттай дәлелдермен толық дәлелденген.

Айыпталушы қылмыс жасағанын мойындады.

«Сот отырысы барысында айыпталушы: «Егер оның жүкті екенін білгенімде, өлтірмес едім», – деді. Алайда адамның өмірін қиюға ешкімнің құқығы жоқ, жүкті екенін білдің бе, білмедің бе – оған қарамастан. Ол ана болуға дайындалып жүрген әйелді өлтірді. Сондықтан бұл қылмыс – екі адамның өлімі», – деп атап өтті судья Зарема Хамидуллина.

Арман Жетпісов ерекше режимдегі мекемеде жазасын өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат