jasqazaq.kz

Аяғы ауыр келіншек клубты күзетіп жүр

12 шiлде 2016, 16:35

IMG_1141

Темір ауданының Саркөл ауылында аяғы ауыр келіншек 5 кішкентай баласымен ауылдағы мәдениет клубын күзетіп жүр. 25 жастағы келіншек ауыл клубында күзетші болып жұмыс істейді. Айлығы 25 мың теңге. Жолдасы көрші ауданда нәпақа табу үшін кеткен. 1,5-2 айдан бері жұмыс берушісінен жалақы ала алмаған ол үйіне оралмапты.

— Екі балам мектепке барады. Қалғандары кішкентай. Іші көгеріп жатқан саман үйді 15 мыңға жалдап тұрамыз. Басқа үйлерде тұрдық, онымен иелері үйді сатамыз дейді, басқа сылтау табады, әйтеуір тұрақтамадық, — дейді Айдана Сапарғалиева.

Айдана 18 жасында күйеуге шыққан.

IMG_1135

Күйеуім 35 жаста. Мәртөк ауданында біреулерге жалданып, үй тұрғызып жатыр. Жұмыс берушісі жалақы бермей келеді. Сонда жүргеніне 1,5-2 ай болды, — дейді ол.

Айдана Сапарғалиева ауылдағы клубта күзетші. Ауысыммен жұмыс істейді. Кішкентайларын тастап кететін адам болмаған соң, жұмыс орнына ертіп апарады. Бес баласы ауладағы әткеншекті тебеді, құммен ойнайды.

Алайда, бұл ауыл клубымен жапсарлас әкімдік қызметкерлеріне аса ұнаңқырай бермейді екен. Кейде олар балаларын үйге тастап кетуін айтып, ұрсытаны болса керек.

— Дегенмен, түнгі кезекшілікке келгенімде балаларымды ертіп келемін. Орындықтарға жайғасып ұйықтайды. Сахнадағы кілемнің үстіне барып жатады. Қысқасы, осылайша таңды атырамыз. Мен оларды қайда жіберемін? – дейді келіншек.

IMG_1133

Өз кезегінде, Саркөл ауылдық округінің әкімі жағдайы нашар отбасы туралы хабардар екен. Алайда көмек қолын соза алмай отыр. Алғашында келіншектің таяуда 800 мың теңгеге баспана алғанын сенімді түрде айтқан округ әкімі Құсайын Шалкенов кейін райынан қайтты.

Сенбесеңіздер қарамағымдағы қызметкерді шақырайын, сөзімді растап береді деген әкім клуб меңгерушісін шақыртты. Ол өз кезегінде, біреулерден естіген айтып, нақты жауап қатпады.

IMG_1128

Соңында округ әкімі біреулердің үй сатып алу туралы құжаттарын тексере алмайтынын алға тартып, бәрібір әкімдік тарапынан ешқандай көмек болмайтынын айтты.

 

Асқар Ақтілеу,

Ақтөбе

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды