jasqazaq.kz

Австрияда ұсталды

18 мамыр 2016, 22:20

20160518191739

Австрияда «Азбука жилья» компаниялар тобының басшысы Ерқанат Тайжанов тұтқындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті.

«Австрияның құқық қорғау органдарымен бірлескен жедел іздестіру шаралары барысында сеніп тапсырылған мүлікті иемденуі және талан-таражға салғаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы халықаралық іздеу жариялаған Тайжанов Ерқанат Шарапатұлы ұсталды. Тайжанов 2012-2015 жылдары аралығында «Азбука жилья» компаниялар тобының нақты иесі бола тұрып, үлескерлердің 40 млрд. теңгеден асам қаржысын қасақана әрі заңсыз иемденген. Қазіргі уақытта ұсталғанды Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешілу үстінде», — деді ол.

Айта кетейік, «Азбука жилья» құрылыс компаниялары тобының басшыларынан «Айсанам», «Айсанам де люкс», «Комсомольский», «ExpoCity», «ExpoTown», «Комфорт», «Гарант», «Жеті Жол», «Садовые кварталы» және «Династия» тұрғын үй кешендерінің үлескерлері зардап шекті.

ҚазАқпарат

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді