Австралияда қолтырауын Британиядан келген туристі тістеп алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қолтырауын судың жағасында құрбысымен қыдырып жүрген қызды тістеп алған. Оқиға Кейп Трибулейшен жағажайында болды.
Жыртқыштың қыздарға шабуыл жасаған сәттегі видеосы жарияланды.
Дереккөзінің мәліметінше, қолтырауын туристің мықынынан тістеп алған көрінеді. Ол ауруханаға жөнелтіліп, келесі күні емдеу мекемесінен шығарылған.
https://youtu.be/HW6LmI4p1tc