Ауылдағы пошташының айлығы — 20 мың теңге

08 қыркүйек 2023, 14:16

«Қазпоштаның» ауылда жұмыс істейтін қызметкерлеріне айына 20 мың теңге төленеді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің отырысында белгілі болды.

«Қазпошта» басшылығының мәліметінше, төрт мың адам 0,2 мөлшерлеме бойынша жұмыс істейді. «Самұрық-Қазына» қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев: «Ең төменгі жалақы 96 мың теңге дейсіздер, ал адамдар 0,2 ставкамен айлық алады. Ауылда басқа жұмыс жоқ болған соң, амалсыз 20 мың теңгеге жұмыс істейді деген сөз. Егер сіздерде мұндай айлыққа осынша көп адам жұмыс істесе, ауылда басқа жұмыс жоқтығын пайдаланып, оларға ең төменгі жалақы емес, 20 мың теңге ұсынудың орнына бөлімшелерге басқа технологиялар енгізген дұрыс шығар?» — деді.

Елімізде ең төменгі айлық биыл 70 мың теңге деп белгіленген.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді