Ауыл шаруашылығы кооперативі делдалсыз саудаға жол ашады

08 тамыз 2023, 10:07

Алдағы бірер жылда Шымкент маңайында жылыжай шаруашылығы дамиды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жергілікті шаруалармен жүздесуінде айтылды. Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 136 гектар жер қарастырылыпты. Оның 100 гектары өнеркәсіптік кешен болады. Қалғанын инфрақұрылым қамтиды.

–Жоба жүзеге асса мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, жұрт жыл он екі ай көкөніспен қамтылатын болады, — дейді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров.

Ал, Логистикалық аймақта қолға алынған алғашқы инвеститциялық жобаның құны 2,3 млрд. тг құрайды. Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында «Taza onim» шаруа қожалығы 9 гектар жерге жылыжай салып жатыр. Оның 3 гектары бітіп, шаруалар 370 тонна өнім алып үлгеріпті. Көкөніс толықтай жергілікті нарыққа сатылған. Қалған 6 гектары жыл соңына дейін аяқталады. Қожалық жергілікті 30 адам тұрақты және 20 адамды ауыспалы жұмыс орнымен қамтыған. Кешеннің жанынан жұмысшылар үшін арнайы жатақхана да салынып жатыр екен.

Қожалық құрылтайшысы Арман Бахытұлының айтуынша, кешенде қиярдың «Тристан», «Танто», «Мева» сорттары егіліпті. Алдағы уақытта Қазақстанның солтүстік, батыс аймақтарымен келіссөздер жүргізіліп, өнімді жөнелту күтілуде.

Сонымен қатар, аталған бағыттағы жылыжай өнімдерін бір орталыққа бірігу арқылы өзара кооперация құрып, тауарлы партия қалыптастырылып, делдалдардың қатысуынсыз Ресейге тікелей экспорттау жоспарлануда екен.

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы шаруашылық өндірген өнімді жергілікті базарларға тікелей жеткізіп беру жағын қарастыруды тапсырды. Бұл отандық өнімінің сатылу құнын реттеп, жергілікті халықтың көкөністі делдалсыз сатып алуына мүмкіндік береді.

Сайрам елді мекеніндегі Ибрагим ата көшесінде орналасқан мал бордақылау және тауарлы сүт өнімін өндірумен айналысатын «Бәйтерек Агро» агроөнеркәсіп кешені де қалада сүт өндірісінің дамуына үлес қосып отыр. Аталған кешеннің негізгі өндіріс саласы – ірі қара мал бордақылау, тауарлы сүт фермасы, сүт қабылдау мен қайта өңдеу және мал сою орны. Мұнда 1300 басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы мен 200 бас тауарлы сауынды сиыр бар. Тәулігіне 4 тоннаға дейін сүт қабылдап, сәйкесінше осы уақыт ішінде 4 тоннаға дейін сүт өңделеді. Бұдан басқа тәулігіне 50 бас ірі қара малды союға мүмкіндіктері толықтай жеткілікті.

Қазіргі таңда бұл кешенде 60 адам тұрақты, ал ауысым кезінде 200 адам жұмыс істейді. Өндіріс орны жайлы ерекше атап өтерлігі, ауыл шаруашылығы кооперативінде өндірілген өнімдерді тікелей делдалдарсыз қолжетімді бағада ұсыну мақсатында қаланың тұрғындары тығыз шоғырланған жерлерінде арнайы 5 дүкені бар. Бұл өнімдер дер кезінде сатылып, қала халқын сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады