jasqazaq.kz

«Ауыл аманаты»: Игі жобаның шапағаты тиген жандар

03 қыркүйек 2024, 12:21

«AMANAT» партиясының ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы өз нәтижесін беруде.

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылының тұрғыны Айман Байділдаева осы жоба аясында автокөлік жуу қосынын ашты.
Айман жұбайы екеуі көлік жуу кәсібін арман еткелі біраз жыл болғанын айтады. Өз ісін ашу үшін тіпті банктен несие алу жолдарын да қарастырып көріпті. Кейін ауыл-аймақ тұрғындарына арналған «Ауыл аманаты» жобасы бар екенін естігенде, жерден жеті қоян тапқандай қуанып, осы мүмкіндікті қалт жібермеу керек деген шешімге келген. Ол үшін Айман Байділдаева ең алдымен жобаның үйлестірушісі – «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына барып, мән-жайды бүге-шігесіне дейін сұрап алған. Бағдарламаның барлық шарттары көңілінен шыққан ол көп ойланбастан, бірден қажетті құжаттарды жинауға кіріседі.


«Менің өтінішім қаралып болғанға дейін қатты қобалжыдым. Несие мақұлданғаны туралы шешім қабылданды дегенді естігенде, төбем көкке екі-ақ елі жетпей қалғандай күй кештім. Осы шаруаның барлығын аяқтап болғанша, небәрі үш аптадай ғана уақыт кетті. Әрі менің жобам – алғашқы болып құпталғандардың бірі екен. Бағдарлама бойынша қолымызға тиген қаржыға, өзіміз алдын-ала жоспарлағандай, жұмысқа қажетті құрал-жабдық сатып алдық. Қалғанының барлығын өз күшімізбен жасадық. Айта кетейін, күйеуімнің қолы шебер, қыруар шаруаны өзі-ақ еңсере білді. Алдағы уақытта шаңсорғыш орнату, доңғалақ жөндеу қосынын ашу жоспарда бар. Өсімақысы төмен осындай бағдарламалар – халық үшін мемлекет тарапынан жасалған сыйлық деп білемін», – дейді кәспкер келіншек.
Өз кәсібін жуырда бастаған ерлі-зайыптылар Италияда жасалған құрал-жабдықты Алматы қаласынан сатып алыпты. Ең алдымен сапасына, ыңғайлылығына, беріктігіне баса назар аударғандарын айтады. Автожуу қосынында бір мезгілде үш көлікке қызмет көрсетіледі. Шағын ауыл үшін жеткілікті. Бокстардың бірі «ГАЗель» көлігіне арналған. Алдағы уақытта кәсіпкерлер жыл он екі ай бойы қызмет көрсетуді қолға алмақшы. Бұл іс отбасына жақсы табыс әкелетініне күмәні жоқ.


Айта кетейік, «Ауыл аманаты» партиялық жобасының мақсаты – ауыл-аймақтарда тұратын халықтың табысын арттыру, әл-ауқатын жақсарту. Ережеге сәйкес, шағын несие жұмыссыздарға, белгілі бір жерде жұмыс істеп жүріп қысқартуға тап болған адамдарға, өз ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлерге, отбасылық кәсіппен айналысатындарға, өндірістік кооператив мүшелеріне, жеке қосалқы шаруашылығында өз бетінше өнім өндіретін ауылдықтарға беріледі.
«AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз хатшысы Ілияс Сәбдиновтің айтуынша, былтыр аймақ бойынша 236 өтінім мақұлданып, бөлінген 1,8 миллиард теңге толығымен игерілді. Қызылжар ауданында 45 адам осы жобаны пайдаланып, олардың кәсібіне 398 миллион теңге бағытталған.

Роза ШӘКЕНОВА,
Солтүстік Қазақстан облысы

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?