jasqazaq.kz

Аутист балалар туралы жазған блогер кешірім сұрады

10 қыркүйек 2025, 17:58

Әлеуметтік желіде «аутист балаларды өлтіру керек» деген пікірімен елді шулатқан блогер Райхан Жұмамұратова кешірім сұрады.
Блогер: «Мен ешқандай қатыгез адам емеспін! Бұл жерде тек эмоция кінәлі. Инстаграмда ауыр пікір жазғанымды, қаншама ата-ана мені сынап жатқанынан кейін ғана түсіндім. Аутист диагнозы осындай көп деп ойламаппын. 2 жасар баланы өзімнің баламмен бірдей деп ойлап, сол баланың орнына өз баламды қойып көргендей сезіммен ашуға беріліп айтып қойдым. «Ойланбай сөйлеген аңдымай өледі» деген сөздің мағынасын халық болып түсіндіріп жатырсыздар», – деп ақталды.
Ол өзінің ашуға беріліп, жазған пікірі үшін кінәлі екенін мойындап, басқалардан мұны қайталамауды өтінді.
«Негізі скрининг кезінде айтады «бала ауырып қалса аборт жасайсыз» деп. Бір жағынан соны ойладым, бір жағынан 2 жасар баланы аяп, ауыр сөздер жазып қойдым. Шын көңілмен кешірім сұраймын аутист балалардың ата-аналарынан! Мен ойланбай жазып қойып күнәға батсам, сіздер мені осознанно сынап, ауыр сөз жазбаңыздар. Сау бала болсын, диагнозы бар бала болсын, әр ата-ана өз баласына жауапты. Неге қоғамда аутист балалар көп және оның салдары неден болуы мүмкін?» – деп жазды ол.
JQ-Aqparat

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат