Ауласында марихуана өсіріпті

27 қазан 2023, 15:51


Атырау облысында үйінің ауласына марихуана өсірген тұрғын ұсталды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Махамбет ауданында тұратын 54 жастағы тұрғын үйінің ауласына тиым салынған өсімдікті өсірген.
– Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2023» іс-шарасы кезінде Махамбет ауданының 1969 жылғы тұрғыны тыйым салынған өсімдіктерді шағын алқап түрінде егіп-өсіргенін анықтады. Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тексеру кезінде ауласынан 31 дана ерекше иісі бар өсімдік пен кептірілген есірткіге ұқсас заттар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған заттар марихуана есірткісі екені анықталды, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір полиция қызметкерлері аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәкес жариялауға жатпайды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу