Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына Ерлан Біләлдің орнына жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды Today.kz театр баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігінің 2018 жылғы 12 ақпандағы бұйрғына сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, театр режиссері Асхат Максимұлы Маемиров Мұхтар Әуезова атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры қызметіне тағайындалды.
Асхат Максимұлы 1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1991-1995 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1995-1996 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «драма режиссері» мамандығы бойынша Қазақстанның Халық артисі Маман Байсеркенің классында білім алған. 2008 жылы Қазақстан Республикасы президентінің «Болашақ» халықаралық степендиясының иегері атанып, сол жылы Université Sorbonne Nouvelle Paris университетінде білімін жетілдірген. 2008 жылы Париж Ұлттық өһнер консерваториясының «драмалық өнер» мамандығы бойынша тағылымдамадан өткен. 2010 жылы Ресейдің атақты ГИТИС өнер академиясында театр өнері бойынша магистр ғылыми атағын алған.