jasqazaq.kz

Аударыспақ: Қазақстандық спортшы қарсыластарын 5 секундта ұтып жатыр

10 қыркүйек 2024, 13:42

Аударыспақтан 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап жатқан түркістандық Біржан Қосалиев қарсыластарын аз уақыттың ішінде ұтып, ақтық сынға жолдама алды.

Бірінші кездесуінде өзбек спортшысын ұтса, екінші айқаста моңғол спортшысын небары 5 секунд ішінде жеңді.

Біржан Қосалиев — аударыспақтан Қазақстан чемпионатының 10 дүркін чемпионы. Азия чемпионатын 3 рет ұтқан.

Бұған дейін Қырғыз жерінде өткен екі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы екенін де атап өткен жөн.

«2011 жылға дейін көкпармен айналысып жүрдім. Әу баста хобби болғаны рас. Кейін аударыспаққа ауыстым. Аударыспақ та, көкпар да ат үстінде өтеді. Яғни, ұқсастықтары көп. Содан болар, аса қиындық туындамады. Кейінгі жылдары шеберлігімді дәлелдеп, үздіктердің қатарынан табылып жүрмін. Бұл ретте, ұлттық спортқа қолдау танытып жүрген ел ағаларына алғысымды білдіремін», — деді Біржан Қосалиев.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді