jasqazaq.kz

Aударылған автобустың видеосы пайда болды (видео)

04 желтоқсан 2017, 14:31

Әлеуметтік желіде Алматы-Бішкек тасжолының 62-ші шақырымында аударылған автобустың видеосы жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсанда таңғы 8-де Ұзынағашта болды. Видеода аударылған автобус түсірілген, оның жанында өрт сөндіру қызметінің мамандары, құқық қорғау органдары және дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы қаза тапты, он адам зардап шекті. «Ұзынағаш ауылының ауруханасына түрлі жарақатпен 10 адам жеткізілді, олардың біреуі кәмелетке толмаған. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер. Ведомство мәліметінше, автобуста отырған 43 адам Шымкенттен Алматыға қарай бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың 41 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аударылып кеткен. «Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық тергеу басталды», — деп хабарлады облыстық полициядағылар.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда