jasqazaq.kz

Атыраулық баукеспе ұры Оралда ұсталды

05 желтоқсан 2017, 15:55

Орал қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері пәтерлерге түсіп, әбден дәніккен 41 жасар ұрыны қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, күдіктіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігіне (ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, бес бірдей дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұры пәтерлерге кілтті сәйкестендіріп кіріп, зергерлік бұйымдар мен ақшаны үптеп кетіп отырған. Мысалы, қазан айында ол Ларин көшесіндегі бір пәтерге кіріп, одан бижутериялық бұйымдар мен 55 мың теңгені ұрлаған. Қазанда Зачаган кентіндегі тағы бір пәтерден алтын, күміс бұйымдарын және 30 мың теңгені жымқырып кеткен.

Күдікті Атырау облысының тумасы болып шықты. Оның осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады