jasqazaq.kz

Атыраулық лаңкес Ауғанстанда ұсталды

01 ақпан 2017, 15:27

Ауғанстанда ұсталған лаңкес – Атырау облысының тумасы болып шықты. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен ұсталған Дәмір Зінәлиев 1989 жылы туған. Ауғанстанның Сари-Пул провинциясында қолға түскен радикал халықаралық іздеуде жүрген отандастарымыздың бірі. Күні бүгінде құзырлы органдар оны елімізге экстрадициялау мәселесімен айналысып жатыр.

Дәмір Зінәлиевтің өмірбаяны қызықты деректен тұрады. Қолға түскенге дейін ол Пәкістан территориясында орналасқан Вазиристан жерінде қарулы қақтығыстарға қатысқан. Террористік сипаттағы «Әл-Қаида» ұйымының құрамында НАТО әскерлеріне қарсы соғысып келген Дәмір, белгілі бір деңгейде Атырауда да танымал.

  • Шығыс Нангахардағы жергілікті шенеуніктердің айтуынша «ұлтаралық қақтығыстар ДАИШ ұйымы және террорлық топтар аясында ұйымдастырылуда».  Алайда олар өзін ресми түрде «Оракзай Агенттігінен» екендіктерін айтады.
  • Жергілікті ақпарат агенттіктері бүлікшілердің Орталық Азиядан екендігін және олардың  Ауғанстан үкіметінің қауіпсіздік қызметіне шабуыл жасағанын хабарлады.
  • Соңғы оқиғаларға байланысты Ауғанстан қауіпсіздік қызметі Сари Пул провинциясында шет елдік екі бүлікшіні тұтқынға алды. Қолға түскендер Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары.

Бізде бар деректер былай сөйлейді. 2011 жылдың қыркүйегінде  интернет байланыстың көмегімен террористік бағыттағы топ құрады. Атыраудың бірнеше жігітін жинақтап, ел аумағында лаңкестік актілерді ұйымдастыруды жоспарлайды. Топтың құрамында Б. Сұлтанғалиев бастаған бірнеше содыр болған. Қылмыстық топ Алматыдағы бірқатар әкімшілік ғимараттарды жарып жіберуді жоспарлайды. Олар көздеген ғимараттардың қатарында сыртқы істер министрлігінің елшілік қызметі мен ішкі істер департаменті болған. Бірақ, ұйымның бірінші терактілік актісі бақытты жағдайда аяқталды. Консулдық ғимаратына қойылған қолдан жасалған бомба жарылмай қалды.

Кейін олар Атырау облыстық прокуратурасы мен жергілікті әкімдік ғимараты маңында жарылыс жасады. Нәтижесінде ұйымдастырушы лаңкестердің бірі көз жұмды. Күні бүгінде Дәмір Зінәлиев еліміздің құқық қорғау органдары террористік шабуыл жасау мақсатында қылмыстық топ құрғаны үшін айыптап отыр. Әзірге оның Ауғанстан аумағына қандай жолмен өтіп кеткені  белгісіз.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 19-қаңтары күні Ауғанстанның құқық қорғау қызметі өкілдері, Қазақстан мен Түркіменстаннан келген екі содырдың қолға түскені жөнінде хабарлаған болатын. Жауап алу кезінде лаңкестер жанкештілік актілер ұйымдастыру және мина орналастыру жұмыстарына сарапшылық жасайтындарын айтып берді. «Бауырларымызға көмек қылу үшін Ауғанстанға келдік» деген содырлар қазір арнайы қызмет өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп жатыр.

Қазақстаннан бой тасалап, шетте қашып жүрген содырлар легі Дәмірмен ғана шектелмейді. Бұған дейін Атырау облысы ішкі істер департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Ербол Оңғаров, қарулы қақтығыс аймақтарына қашып шыққан атыраулықтардың саны 73-ке жеткенін, күні бүгінде 40 адамның халықаралық іздеуде жүргенін мәлімдеген болатын.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік