Атырау облысында таңертеңнен бері шаңды дауыл көтерілді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Бүгін Атырауда өкпек жел ұйытқи соғып тұр. Кеше атыраулық тұрғындарға 112-ден: «7 наурызда Атырау облысында шаңды дауылдың жылдамдығы 15-20 метр/секундқа жетеді», деген ескерту келген еді.
Ұйытқи соққан өкпек желдің екпіні шаңды дауылға ұласты. Дәл қазір шаңды дауыл Атырауды басып тұр.