jasqazaq.kz

Атырауда түнгі клубта ер адамның аяусыз соққыға жығылған видеосы тарады (Видео)

22 қантар, 10:38

Атырауда түнгі клубта ер адамның аяусыз соққыға жығылған видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға 18 қаңтар күні түнде «Зиллон» түнгі барда болған.

Видеода төбелестің алдымен мекеме ішінде басталғаны көрінеді. Екі ер адам бір адамға жабылып, соққыға жыққан. Олардың бірі аса қатігездік танытып, ауыр соққылар жасаған. Біраз уақыттан кейін жанжалға араша түспек болған үшінші адам да оңбай соққылар алды.

Төбелес артынан далада жалғасып, соққыға жығылған ер адам ары қарай да аяусыз ұрып-соғады.

Оқиғаны Атырау облысының Полиция департаменті агенттік тілшісіне растап, түсініктеме берді.

«18 қаңтар күні «102» арнасына қаладағы мекемелердің бірінде белгісіз тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлері 32 және 33 жастағы екі күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген ведомствоның агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге