jasqazaq.kz

Атырауда төбелескен екі қыз бейімдеу орталығына орналастырылды (Видео)

26 қыркүйек 2025, 11:43

Түнгі төбелес. Атырауда екі қыздың шаштасып, бірін-бірі аяусыз сабап жатқан видеосы тарады. Кейін екеуінің де колледж студенттері екені анықталған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Полицияның мәліметінше, қос қыз да кәмелетке толмаған. Колледжде оқитын студенттер сөзге келіспей, арты төбелеске ұласқан. Тіпті бірінің басынан тепкілеп, жұдырықпен соққылап жатыр. Қатыгездігі сонша, екіншісінің кешірім сұрағанына қарамай, ұрып-соғуын тоқтатар емес. Қазір күдіктілер анықталып, бірі бейімдеу орталығына жеткізілген. Қыздарына қырық үйден тыйым жасай алмаған ата-аналары да әкімшілік жауапқа тартылады дейді тәртіп сақшылары

Жандос Садыров, Атырау қаласы ПБ №1 ҚПБ бастығы:

— Құқық бұзуға жол берген екі қыз анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті жасқспірімдер бейімдеу орталығына орналастырылды. Ұрып-соғу дерегі тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат