jasqazaq.kz

Атырау полициясы хакер таратқан ақпаратты жоққа шығарды

08 қантар, 14:38

Атырау облыстық полициясы желіде таралып жатқан белгілі бір «хакердің» жоғалған адамдардың орналасқан жерін өз бетінше анықтағаны, SIM-карталарды талдағаны немесе ақшаларына қатысты қозғалыстарды анықтағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шын мәнінде, аталған мәліметтердің барлығы әлеуметтік желілерде қандай да бір жарияланымдар шыққанға дейін ішкі істер органдарының бөлімшелері тарапынан заңды жедел-іздестіру және тергеу шаралары аясында анықталып, кейін ресми бағдарлау ретінде рәсімделген. Аталған тұлға жаңа деректер алмаған және өздігінен техникалық талдау жүргізбеген. Ол таратқан мәліметтер оған дейін жасақталған ресми бағдарлауда көрсетілген ақпаратпен толық сәйкес келеді және бағдарлау қалыптасқаннан кейін ғана алынған. Полиция ұсынған барлық деректер заңнама талаптарын қатаң сақтай отырып, бейінді техникалық мамандардың қатысуымен, байланыс операторларымен және өзге де уәкілетті ұйымдармен өзара іс-қимыл арқылы алынған», — деп хабарлайды облыстық полиция.

Полиция тарапынан қысым көрсету немесе қорқыту жасалды деген ақпарат та шындыққа жанаспайды дейді олар.

Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сүйенуге шақырады және жалған мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке дейін жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

«Сонымен қатар, аталған тұлғаға қатысты бұған дейін алаяқтық фактілері бойынша төрт қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта аталған істер бойынша тергеу жалғасуда және ол заңда белгіленген тәртіппен іздеуге жарияланған. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады