Атырау мұнай өңдеу зауыты экологиялық бензин шығара бастады

31 шiлде 2023, 16:22

Биылғы шілде айында Атырау МӨЗ еліміздегі мұнай өңдеуші зауыттардың ішінде алғашқы болып К5 экологиялық класты (Еуро-5 аналогы) АИ-92 автобензинін шығаруды бастады.

Экологиялық отынның басты артықшылығы – құрамындағы күкіртті қосылыстардың көрсеткіші К4 класымен салыстырғанда 5 есе аз. Сондай-ақ хош иісті көмірсутектердің (бензол) және өзге де қоспалардың мөлшері шектеулі.

К5 класындағы отынды пайдалану кезінде улы заттардың шығарындыларын азайту адам денсаулығына зиянды әсерді, соның ішінде тітіркену мен тыныс алу органдарының ауруларын, қабыну процестерін, жүйке және жүрек-тамыр жүйесіне кері әсерлерді азайтуға септігін тигізеді.
Бұдан бөлек, K5 класты бензинді пайдалану автокөліктердің жұмысына оң әсер етеді.

АМӨЗ баспасөз қызметі хабарлағандай, К5 стандартты бензин сапасына қол жеткізу кәсіпорынды үш кезеңді жаңғырту барысында жаңа технологиялық қондырғыларды іске қосудың нәтижесінде мүмкін болды. АМӨЗ-де АИ-92-К5 автобензинін өндірудің орташа тәуліктік көрсеткіші — 5,5 мың тонна.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады