Атырау МӨЗ-де жоспарлы тексеру аяқталып, мұнай өңдеуге кірісті

23 қазан 2023, 12:48

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы тексеруден кейін технологиялық қондырғылардың бірінші кезегі қайта іске қосылды. Қазір тәулігіне 9 500 тонна мұнай өңделуде.
Кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімі хабарлағандай, 21 қазанда тексеру жұмыстарының аралық қорытындысы шығарылып, технологиялық қондырғылардың бірінші кезегі іске қосылған. Қазір зауыттың бәр тәуліктегі мұнай өңдеу көлемі – 9 500 тонна. Мұнай өнімдері мынадай көлемде шығырыла бастады. Автобензин – тәулігіне 1 200 тонна, дизель отыны – тәулігіне 1 500 тонна. Зауыттың технологиялық қондырғыларда жоспарлы-алдын ала тексеру жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жабдықтарды кезең-кезеңімен технологиялық режимге шығару жоспарланып қойды.
Жоспарлы тексеруден бастап бүгінгі күнге дейін бірнеше бағытта жұмыс атқарылған. Бұл – жабдықтарды тазалау, пештер мен реакторларды қаптау, тозған жабдықтар мен катализаторларды ауыстыру, колонналық жабдықтардың ішкі құрылғыларын модификациялау. Қазір қысыммен жұмыс істейтін түтікшелерді тексеру жалғасып жатыр.
Зауытта экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес, қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларды анықтайтын автоматтандырылған жүйесін орнату жобасы жүзеге асырылуда. Жоспарлы тексеру кезінде технологиялық пештердің мұржаларына автоматтандырылған бақылау жүйесін монтаждауға қажетті барлық жұмыс орындалды.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу