jasqazaq.kz

Атын айтпауды сұрады: Алданып қалған алматылық профессорға 23 миллион теңге сыйға берілді

12 тамыз 2025, 15:22

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Какен Камзин интернет-алаяқтардың құрбаны болғаннан кейін, оған 23 миллион теңге сыйға берілді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

76 жастағы алматылық профессор көпсатылы кибералаяқтық схемасының құрбаны болып, пәтерінен және барлық жинақ ақшасынан айырылды. Қылмыскерлер оның жеке деректерін қолға түсіріп, жинағын шешіп алып, оларды «қорғау үшін» арнайы шотқа аударуға сендірген. Кейін олар профессордың атына рәсімделген несие қарызын өтеу үшін баспанасын сатуды талап еткен.

Ал енді ең күтпеген әрі жүректі елжіреткен сәт, бүгін бір қайырымды азамат (аты-жөнін айтпауды сұрады) жетпей тұрған үлкен соманың барлығын (23 млн теңге) қолма-қол әкеліп берді. Бұл тек қаржылай көмек қана емес, бұл — сенімнің, бірліктің, мейірімнің нағыз көрінісі. Ол азаматқа Алла разы болсын! Отбасына, өзіне тек жақсылық тілеймін! Ризашылығымды білдіремін, — деп жазды Камзин.

Сурет: facebook.com/kaken.kamzin
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр