jasqazaq.kz

Қателесуге хақысы жоқ

24 ақпан 2017, 11:17

«Қара алтын» қымбат, қазына толы тұста қаржының қалай жұмсалғанын қадағалау қожырайды. Нарықты зерттеушілер осы құбылыстың себебін мұнайлы елдерді айналып өтпейтін қазба байлықтың «қарғысынан» іздейді. Ақшасы көп үкімет алаңсыз. Бір істі бітірмей, екіншісіне кірісіп кетеді. Немесе, қолын қимылдатпай, шикізат төккен ырзықты жеп жата береді. OPEC-ке мүше кейбір елдің кешегі кейпі пікірімізге дәлел. Бүгін олардың қолы сұрағанға береген емес. Әр тиынын есептеуге мәжбүр. Ас та төк кезде аямай жұмсалған ақшаның есебін білгісі келеді.

Мұнай бағасына байланған біздегі жағдай бұлардан біраз өзгеше. Мемлекеттің мол қаржысы ғылыми жаңалық ашуға, өндіріс ошағы мен білім ордасын салуға бөлінді. Талай жоба жүзеге асты. Жарты жолда жоқ боп кеткен ақша да аз емес. Бұл жетіде Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова білім және ғылым министрінің алдына қиын сұрақты көлденең тартты.
– Менің сауалым Өскемен мен Екібастұзда салынуы тиіс әлемдік деңгейдегі колледждер жөнінде. Оларды салуға 2010-2011 жылдары 7,9 млрд теңге бөлінді. Қазір шөккен іргетасы ғана бар. Артынан дұрыс жобаланбағаны анықталды. Өкінішке қарай, бізде бұл үйреншікті нәрсеге айналды. Инфрақұрылымы атымен жоқ. Бюджетке бір тиын да қайтпады. Бәрі іргетасқа кеткендей.

Осы колледждердің тағдыры не болды?
Ерлан Сағадиев министрліктің құрылыспен айналыспайтынын айта келе, «Жергілікті атқарушы органдар салуы тиіс. Біз құрылысты соларға тапсырғанбыз» – деді. Министрдің сөзінен түсінгеніміз, ендігі жерде мұндай «сақалды» құрылысты аяқтау әкімдіктің міндеті. Қазынаның есебінен, әрине.
Осы аптада «Биохим» зауытының өз жұмысын қайта жалғастыратыны жария етілді.

Бидайдан биобензин, қалдықтан мал жем алуға мүмкіндік беретін кәсіпорын 2006 жылы іске қосылып еді. Жобаның 94 млн доллар болса, оның 60 миллионын Қазақстан даму банкі несие ретінде бөлді. Өнімді өткізу мен сұраныс төңірегіндегі есеп-қисап дұрыс болмады. Соның кесірінен бір жылда небәрі 4 мың тонна биоэтанол экспортқа жөнелтілді. Ал жылдық қуаты 60 мың тоннаны құрайды. Қарызға батқан ТМД-дағы бірегей кәсіпорын ақыры жабылып қалды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов зауытқа ақыры инвестордың табылғанын айттты. Алдағы наурыздан бастап өндіріс кезең-кезеңмен жолға қойылмақшы. Бұрынғыдай емес, нақты тұтынушы бар. Еуро-6 мен Еуро-5 маркаларына көшкелі тұрған Павлодар мен Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттарына бензиннің жаңа түрін шығару үшін әлгі биоэтанол керек екен. Кәсіпорын есігін ашса, біраз адамға жұмыс табылады. Көрші Ресейден қыруар қаржыға бензин сатып алудан құтылар ма едік.
Осы екі мысал «Судың да сұрауы бар» – дейтін қағиданы қалтамыз қалың кезде де ұмытпау керектігін ескертеді. Ал ақша азайып, қалта жұқарған заманда қателіктің тым ауыр тиетіні әркімге де белгілі.

Талап Тілеген

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік