jasqazaq.kz

Атамекен: Шетелдіктер қазақстандық өнімді пайдаланбайды

19 қараша 2016, 21:08

Шетелдік жер қойнауын пайданушылар отандық өнімді тұтынбай, өз елдерінің тауарын пайдалануға құштар. Егер біз бұл мәселені дер кезінде қолға алмасақ, мұның соңы өкінішті аяқталуы мүмкін. Бұл туралы «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІ форумында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлімдеді деп хабарлайды BNews.kz.

nurzhan

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Осы кодекстің аясында жер қойнауларына пайдаланушылардың тауарды сатып алуды реттеуді жою мәселесін талқыланады.
«Менің ойымша, жер қойнауларын пайдаланушылардың орынсыз сатып алуларының соңы өкінішті аяқталуы мүмкін. Шетелдік жер қойнауын пайданушылар отандық өнімді тұтынбай, өз елдерінің тауарын пайдалануға құштар. Олар қазақстандық тауарларды әрең сатып алады. Сондай-ақ, шетелдік жер қойнауын пайданушылар өз елдерінен келген өнімді пайдаланғысы келіп тұрады. Мысалы, қытайлық жер қойнауын пайдаланушылар тек өз жерлестерінің тауарларын сатып алады», – деді ол.
Нұржан Әлтаев мәселені шешудің жолы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.
«Егер біз осы норманы кодекстен жер қойнауы туралы тармақты алып тастасақ, ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан біз жаңа кодексті қабылдамас бұрын жоғары аталған мәселеге қатысы бар тармақты алып тастап, оған отандық өнімдерді сатып алуға мемлекеттік реттеуді қалдыру керек», – деді орынбасар.+
Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары мемлекеттік органдардан нарықтағы отандық тауардың үлесін көтеру үшін тиісті шараларды қолға алуды талап етті.
«Біз ҚР Инвестициялар және даму және Қаржы министрліктерінен жүргізілген мемлекеттік сатып алуларға қатысты аудит жүргізуді сұрадық. Сондай-ақ, аталмыш органдардан отандық өнімнің үлесін арттыру мақсатында нақты және түсінік механизмдерді жетілдіруі қажет. Себебі, кәсіпкерлер отандық тауардың пайыздық үлесі жоғары деп ақпарат береді. Ал тексерген кезде ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп түйіндеді сөзін Н. Әлтаев.

 

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды