jasqazaq.kz

Атамбаев қазақтың жақсылығын ұмытты ма?

19 ақпан 2017, 0:21

Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев Euronews телеарнасына сұхбат беріпті. Онда тұрған не бар?–деген сауал туындауы мүмкін. Бұл елде күзде президент сайлауы өтуі тиіс. Сондықтан түрлі мінберден жасалып жатқан мәлімдеме көп.

Мәселе бізге бауырлас халықтың басшысы не айтқанында. А. Атамбаев «2010 жылы Қазақстан бізге 1,5 ай бойы блокада жасаған кезде тіпті, адам шығыны да болды» депті. Ақиқатқа жүгінсек, сол жылғы сәуірде қырғыз елінде саяси төңкеріс болып, оқ атылғаны белгілі. Ондаған адам мерт болды. Жұрт жан-жаққа жөңкіле бастады. Қауіпсіздік пен заңсыз көші-қонға алаңдаған Қазақстан мен Өзбекстан қырғыз жерімен шектесетін ортақ шекарасын жапты. Шекараны жабу мен блокада жасаудың екі түрлі нәрсе екені әркімге де түсінікті болса керек. Атамбаев осы сұхбатында Өзбекстан туралы ләм демейді. Сол 2010 жылғы оқиғадан соң Қазақстан қырғыз еліне қайырымдылық көмек ретінде 30 млн доллар берді. Мұның 7 миллионы – құрылыс материалдары, ал 3 миллионы әскери салаға жәрдем болып табылады. Одан кейінгі жылдары да көмек үзілген емес. Ол бұл туралы да жақ ашпайды.

2014 жылы еліміз Қырғызстанға 100 млн доллар көлемінде грант бөлді. Сол кезде А. Атамбаев «Сөз жоқ, Қазақстанның да артық ақшасы жоқ. Дегенмен, Қазақстан Қырғызстанды қолдау мақсатымен 100 млн доллар бөліп жатыр. Бауырлас халық болған соң осылай жасайды емес пе?!» — деп еді. Шынымен де ұмытқаны ма?..

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті