Ата-аналар ЛГБТ-ны ашық насихаттайтын сайтты жабуды талап етеді!

18 қантар, 14:11

Еліміздегі ата-аналар қауымы жасөспірімдерге арналған ЛГБТ сайтына қарсы петиция жариялады. Біз де кіріп көрдік әлгі сайтқа. Шынымен де, қазақ қоғамы қабылдай алмайтын, қабылдауға тиіс те емес (!) жат құбылыстарды насихаттайтын бөлімдер бар екен. Сайт қазақ және орыс тілінде шығады. Ашып қалсаң, «ЛГБТК+ адамдар туралы көбірек біліп, өзіңді және жақындарыңды басқа қырынан танығың келсе, қажет ақпаратты осы жерден таба аласың» деген жазу шығады алдыңнан.

Ал Otinish.kz сайтында жарияланған ата-аналардың петициясында:«Біз отбасы құндылықтарын ұстанатын 135 ата-аналар қауымдастығымыз. Біздің басты мұратымыз – қоғамда саналы тәрбие мәдениетін қалыптастыру. Сонымен бірге, цифрлық ақпарат заманында отбасы институтының дамуындағы БАҚ пен әлеуметтік желілердің рөлін бағаламауға болмайды. Олар бір жағынан саналы тәрбиенің рөлін, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды дәріптеу арқылы бұл институтты нығайта алса, екінші жағынан өскелең ұрпаққа теріс тәрбие мен мінез-құлық үлгілерінің қалыптасуына әсер ете алады. Бізді, қазақстандық ата-аналар қауымын, ЛГБТ Батыс феномені қоғам арасында, оның ішінде selftanu.kz тұрақты ақпараттық ресурсында ашық түрде насихатталып жатқанына алаңдаймыз. Сайтта жыныстық бағдарыңызды және гендерлік сәйкестікті қалай түсінуге болатыны, достарды қалай табуға және қарым-қатынасқа қалай түсуге болатыны туралы ақпараттар жарияланған»,- деп жазылған.
Біз осы мәселеге орай қоғам белсендісі Бағила Балтабаеваның пікірін білдік.

Бағила Балтабаева: Қазақстан ата-аналар одағының төрайымы:

ЛГБТ жасөспірімдер тұрмақ, кішкентай балалар арасында ашық насихатталып жатыр!

«ЛГБТ насихаты жайлы төрт жылдан бері жүйелі зерттеп жүрмін. «Жыламаған балаға емшек жоқ» демекші, халық осындай кезде бірігіп, үн қоспаса, келіскен немесе келіспеген пікірін білдіруі керек. Үндемеген соң талай заңдар өтіп кетіп жатыр. Үндемеген соң «тыр жалаңаш» әншілер келіп концерт қояды. Үндемеген соң ЛГБТ мүшелері трансвеститтерге концерт қоя бастады. Осының барлығы бүгінде біздің халықтың селсоқтығынан, «сен тимесең мен тименің» кесірінен өтіп кетіп жатыр.

Мен ЛГБТ-ға қарсы соңғы жылдары күресіп келемін. Бастапқыда кішігірім аудиторияларда айтып, петиция жариялау сынды жұмыстармен жүрдім. Ал енді болмай бара жатқаннан кейін үлкен платформаларға шығуға тура келді. ЛГБТ деген жасөспірімдер ғана емес, кішкентай балалар арасында ашық насихатталуда. Өздеріңіз білесіздер, жыл сайын феминистер 8-наурызда биліктен рұқсат алып, шеруге шығады. Олар тақырыбын «Әйел мен бала құқығы» деп көрсеткеннен кейін, жергілікті әкімдік амалсыз рұқсат береді. Сондай айла-тәсілмен үгіт-насихатын жүргізуге тырысады.

Сондай шерудің ішінде 7-8 жасар кішкентай қыздарды да көрдім. Ол қыздардың қолындағы плакатта «менің жатырым, менің ережем» деп жазылған. Енді соны ана кішкентай қыздан сұрасам, өзі білмейді не екенін. Бұл нені білдіреді? Осыны ұйымдастырып отырған алпауыт ұйымдар бар. Біздің мемлекетте өзімізге қарсы астыртын жұмыс істеп жатқан ірі ұйымдар бар. Оларды «қой терісін жамылған қасқыр» деуге болады. Олар әйел құқығын қорғап жүрген ұйымдар болып көрінуі мүмкін. Үкіметтік емес ұйымдар өте көп. Олар шетелден миллиондаған грант алады. Тіпті сол алып жатқан гранттарына сай, әр салада белсенді жұмыс атқарып жатқанын байқауға болады.

Киноиндустрияда, мәдениет саласында, білім саласында белсенді жұмыс істеп жатқан ұйымдар бар. Соларды тексеріп жіберсе, ар жағында батыстың алпауыт ұйымдары тұрады. Мен осы тақырыпты зерттеген кезде 4 минуттық сауалнама үшін 20 миллиондай қаржы жұмсалғанын білдім. Қолында аппаратурасы, білімді жас режиссерге «20 миллион беремін ЛГБТ насихаттап ролик түсіріп бер» десе, әлгі ақша үшін бүкіл Қазақстанды араласа да ролик түсіріп береді.

Қазір жүріп жатқан бір фильмінің режиссері 2021 жылы түсірген роликті көргенмін. Сол мәселені Парламентте көтергенмін. Титтей 7-8 жасар қыздардан, ұлдардан сұрап отыр. Сонда кішкентай балалар «ұл бала ұл баланы жақсы көрсе, несі жаман» деп жауап беріп отыр. Сонда әлеуметтік сала деп қойып, ашық насихаттап отыр. Режиссер табанын тоздырып, әр мектептің есігін ашып, әлгі балаларға «ер бала мен ер бала бірін-бірі жақсы көрсе не болады» деген сұрағы арқылы баланың санасын қиратты. Ол баланың ойында қалыптасқан «отбасы тек әке-шешеден құралады» деген модель шыны әйнек сынды қирады деген сөз. Сол сұраққа жауап берген баланың санасы дәл сол сәттен бастап сынды. Біздің көзімізге көрінбесе де, астыртын ұрпағымыздың санасы уланып жатыр. Енді, міне, ашық түрде сайт шығып жатыр. Одан қала берсе, Инстаграмда ЛГБТ парақшалары бар. Мен олардың барлығын зерттеп шықтым. Көбіне парақшаларына жазылған 10-13 жастағы жасөспірім балалар. Бұл парақшаларда қазақ, орыс, ағылшын тілінде насихаттау, ағарту жұмыстары жүріп жатыр. Ең сорақысы, ол жерде махаббат, ләззат алу сынды дүниелер ашық жазылған. Осылайша, біздің ұлтқа қарсы ашық шабуыл жүргізіліп жатыр. Мен бұл дүниенің барлығын біздің ұлтқа келген қасірет екенін айтып дабыл қағудан танбаймын».

Дайындаған Мақпал Ноғайбаева

Суреттер сайттан алынды

19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 23:28
Жұлдыз Сүлейменова: Жайбасарлыққа жол беруге болмайды!
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс