jasqazaq.kz

Астыртын жолмен алтын өндіргендер ұсталды (видео)

13 қантар 2017, 11:31

Ақмолалық полицейлер астыртын алтын өндіріп келген шағын цехты әшкереледі. Күдікті Степногорск қаласының жанындағы Ақсу кентінің 33 жастағы тұрғыны болып шықты.

24.kz хабарлағандай, тінту барысында оның қорасынан үгіту аппараттары, электрлі қозғалтқыштар мен алтынды кеннен айыратын сұйықтықтар тәркіленген. Қазір күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Енді ол 90 күн қамауда отыруы тиіс. Болмаса, 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 1 млн теңгеден астам айыппұл төлеуі қажет. Гүлнәр Пинчук, облыстық ІІД баспасөз хатшысы: — Күдіктінің бұл заңсыз кәсіппен қанша уақыттан бері айналысып келе жатқаны тергеу барысында белгілі болады. Өткен жылдың өзінде полицейлер осындай 29 астыртын цехтың жұмысына тосқауыл қойып, 100 шақты қылмыстық іс қозғалған болатын.

 

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті