Астық пен тасымал көбейсін!

25 қазан, 11:56

25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЕЛІМІЗДЕ ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ. БИЫЛҒЫ НӘТИЖЕ ЖАМАН ЕМЕС — 26,5 МЛН ТОННА АСТЫҚ ЖИНАЛДЫ. ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ЖИЫН-ТЕРІМ НАУҚАНЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ АЙДАРБЕК САПАРОВ ЖОҒАРЫ ӨНІМДІЛІККЕ АУА-РАЙЫНЫҢ ҚОЛАЙЛЫ БОЛУЫ, АГРОТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ДҰРЫС ҚОЛДАНУ, ЯҒНИ САПАЛЫ ТҰҚЫМДАР МЕН МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕРДІ ТИІМДІ ҚОРҒАУ АРҚЫЛЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕНІН АТАП ӨТТІ.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 23,3 млн гектардан жиналды. Оның ішінде 16,7 млн гектар – дәнді және бұршақ дақылдары үлесінде. 26,5 млн тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрап, өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті. Астық егетін өңірлердің ішінде Солтүстік Қазақстан облысында көш бастап тұр (18,6 ц/га). Оңтүстік өңірлерде өнімділік бойынша жоғары көрсеткіштер — Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында. Ал астық тасымалдау қарқыны жыл соңына дейін айына 1,2-1,3 млн тонна деңгейінде қалады. Орталық Азия елдерінің дәстүрлі бағыттарында тасымал 28 пайызға өскен. Ақтау порты арқылы Иранға жөнелтілімдер қайта басталып, қыркүйек айында 140 мың тоннаны құраған.

Үкімет отырысында сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев еліміздің астық экспорты бойынша әлеуетіне тоқталды. Ол Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тоннаға бағаланатынын айтты. Оның 7,5 млн тоннасы бидайға, 1,4 млн тоннасы арпаға, 300 мың тоннасы жүгеріге тиесілі. Майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады деп бағаланады. «Қазақстан Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің нарықтарына астық жеткізуді жалғастырады, бұл шамамен 4,2 млн тонна. Қытайға астық экспорты 2023 жылы 1,43 млн тоннаны құрап, жылына 5,5 есе өсім көрсетті», – деді Қайрат Төребаев.

Вице-министр Қытайға бидай экспорты айтарлықтай артып, былтыр 538,8 мың тоннаға жеткенін атап өтті:

«Бұл Қытай мен Азия елдеріне 1,6 млн тоннаға дейін бидай жеткізу мүмкіндігін көрсетеді. Қытай органдарының талаптарына байланысты шекарада кідіріс мәселесін, сондай-ақ Қытайдағы қазақстандық астық импортына лицензиялар мен квоталар сияқты күрделі шарттарды пысықтау маңызды».

Жаһандық сұраныстың артуы және бірқатар елде өнімділіктің төмендеуі жағдайында Италия, Латвия, Испания сияқты Еуропалық Одақ елдерінің нарығы тартымды болып отыр. Түркия мен Таяу Шығыс елдеріне бидай экспортының әлеуеті 1 млн тоннаға жуық.

«Иран нарығына жеткізілімдерді қалпына келтіру маңызды, арпа бойынша біз қазір динамиканы көріп отырмыз, сауданы қаржыландыру және логистика мәселелері пысықталады. Қазақстандық бидай брендін Пәкістан, Индонезия, Бразилия, Малайзия сияқты жаңа нарықтарда ілгерілету жөніндегі жұмыс жандандырылады, онда импорттың өсуі болжанады», – деді Қайрат Төребаев.

Премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жиналған астықты шашпай-төкпей дер кезінде тасымалдауды, оны кептіріп, элеваторларға жеткізу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Барлық астық қабылдау кәсіпорындары үздіксіз жұмыс режиміне көшуі керек. Сондай-ақ фитосанитариялық қызмет астық сапасына қатаң бақылау жасауы тиіс.

Үкімет басшысы егін орағын уақтылы аяқтағаны үшін диқандарға алғыс білдірді:

«Мемлекет басшысы атап өткендей, еңбек адамы – елдің байлығы. Астықты алқаптың дәні диқанның қажырлы еңбегімен, маңдай терімен өседі. Сондықтан еңбектеріңіз жана берсін. Баршаңызға амандық-саулық пен сәттілік тілеймін».

Jas Qazaq Үкіметтің баспасөз қызметі материалдары негізінде әзірленді

Бүгін, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?