jasqazaq.kz

Астықты Қытайға көптеп жөнелтуге не кедергі?

26 желтоқсан 2016, 18:43

Қазақстан астығының экспорт деңгейі көп жағдайда Ресей астығы төңірегіндегі ахуалға байланысты. Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Атамекен» Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агро құзірет орталығының директоры Төлеутай Рахымбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өкінішке орай, біздің астықтың бағасы халықаралық нарықтағы баға мен Қазақстан астығы төңірегіндегі жағдайға байланысты емес. Өздеріңіз де білетіндей, нарықтық жағдайда барлығы да сұраныс пен ұсынысқа тәуелді. Сұраныс болса, баға өседі, ұсыныс болмаған жағдайда да, баға көтеріледі. Біртүрлі көрінсе де біз Ресейдегі астық жағдайына тәуелдіміз. Егер, Ресейде астық орташадан төмен, шамамен 70-80 млн. тонна болса, онда олар шекараны ашады. Біз вагондарды алып Қара теңізге дейін жеткіземіз, астығымыздың бағасы көтеріледі. Олар қазіргі уақыттағыдай жақсы өнім, шамамен 90 млн. тонна астық жинағанда, барлық шекара жабылады. Порттардың өткізу мүмкіншілік болмайды, вагондар да жоқ», — деді Рахымбеков. Сондықтан да оның пайымынша, Қазақстан астық алқаптарын қысқартып, олардың орнына ауыл шаруашылығының басқа да дақылдарын өсіруге бет бұруы қажет. «Бұған қоса, қазіргі уақытта Ресей өздерінің астық көлемін 120-130 млн. тоннаға дейін  ұлғайтуды жоспарлауда. Ал темір жол мен теңіз проттарының өткізу қабілеті ұлғайтылмақ емес. Ендеше, бізге Ресейдегі жағдай қалай болады деп күтіп отыру қажет пе? Елдің шынайы ішкі қажеттілігі шамамен 8 млн. тонна. Ол — азықтық астық, жемдік бидай және тұқым. Біз шамамен 4-5 млн. тонна астықты Орталық Азия елдері — Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Ауғанстанға экспорттай аламыз. Қорытындысында 12-13 млн. тонна жеткілікті», — деді ол. Рахымбеков астығымызды қытай нарығына шығару мүмкіншілігіне де кеңінен тоқталды. «Барлығы да Қытайды айтады. Қытай халқының өмірлік деңгейінің артуына байланысты тамақтану мәдениеті де өзгеруде. Ет, көкөніс және нанды көптеп тұтына бастаған. Егер әрбір қытайлық күніне бір тілім нан жейтін болса, онда жылына 20 млн. тонна астық қажет болады. Бұл біздің бүкіл өніміміз. Бірақ, бұл қашан орын алады. Қазіргі күні Қытай осыдан 13 жыл бұрын ДСҰ-ға кірген кезде өз мойнына алған келісімдер мен міндеттемелерге байланып отыр. Қытай АҚШ пен Еуропаны өздерінің тоқыма маталары үшін шекараны ашуға табандап көндірді. Ал бұған өтем ретінде АҚШ, Аргентина және Австралия Қытайға астық, соя бойынша ішкі нарығын ашуға көндірді», — деп атап өтті Рахымбеков.

ҚазАқпарат

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті