Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

17 тамыз 2023, 17:40

Астана қаласы прокурорының орынбасары А.А.Ермахановтың төрағалық етуімен ведомствоаралық кеңес өтті. Онда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кеңес жұмысына Полиция департаментінің, қала әкімдігінің басшылығы қатысты.
Ағымдағы жылы жол-көлік оқиғасының (ЖКО) жалпы санының төмендеуіне қарамастан, зардап шеккендердің саны артқаны атап өтілді.
ЖКО салдарынан 123 адам зардап шекті, 6 адам қаза тапты. Прокуратураның үйлестіруімен елорда аумағында «Автомобиль» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді, оның мақсаты құқық бұзушылықтарды анықтау және жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жедел профилактикалық іс-шарасы кезеңінде жол жүру ережесін 9 397 бұзушылық анықталды.
Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қауіпсіздік белдіктерін пайдалану талаптарын сақтамағаны үшін – 1234, жүргізушінің телефонын пайдаланғаны үшін — 228, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарғаны үшін – 214.
Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін сот шешімімен 43 адам 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.
Көлік жүргізушілерінен басқа жаяу жүргіншілер арасында заң бұзушылар анықталды. Олардың кінәсінен туындайтын ЖКО-ның негізгі себептері – белгіленбеген орындарда жолдан өтуі.
Жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жол жүру ережесінің талаптарын орындамағаны үшін 2 652 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кеңеске қатысушылар елорда үшін ең өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын әзірледі.
JQ-Aqparat

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз