jasqazaq.kz

«Қазақ елі» монументіне біреулер атын жазып кеткен (видео)

23 наурыз 2017, 17:17

Белгісіз біреулер Астанадағы «Қазақ елі» монументіне өз аттарын жазып кеткен.  Бұл жайында инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердоңғар мәлімдеді. Оның айтуынша, жазуларды ол Астанада Наурызды тойлау кезінде дронға түсірілген видеоны қайта қарап отырып көріп қалған. «Мұрат», «Бердібек» және «Тараз» деген жазуларды роликтің 16 минутының 19 секундында көруге болады. «Кешегі Наурыздың видеосын көріп отырғанмын. Елдің басты символындағы жазуларды көріп қалдым. Қайранмын. Мұрат деген кім? Монументке қалай шыққан? Жазуды 16 минуттың 19 секундында көруге болады», — деп жазыпты Бердоңғар Facebook желісіндегі парақшасына. Монумент 2009 жылы қойылған, ал жазу енді ғана байқалған. Рельефті жасаған сәулетші Мұрат Мансұров Tengrinews.kz тілшісіне бұл вандалдың ісі емес дегенді айтады. «Қайта құру кезінде болған шығар. Ешкім онда шыға алмайды. Мүмкін емес, вандалдар шыға ламайды. Құрылысшылар бірдеме бүлдірген», — дейді ол. Оның айтуынша, ол жерде жазу болуы тиіс емес. Ал сәулетшілерде мұндай әдет жоқ. «Тақтайша қойып, қашан орнатқанын, қандай авторлық ұжым екенін жазамыз. Ал бұлайша жазу, жоқ мұндай болған емес», — деді Мансұров.

 

tengrinews.kz

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті