jasqazaq.kz

Астанада TikTok арқылы «емдеген» алаяқ сотталды

02 ақпан, 11:32

Сот

Сот үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

inform.kz хвбарлағандай, Астана қаласының тұрғыны «TikTok» әлеуметтік желісінде өзін «емші» ретінде таныстырып, экстрасенсорлық қабілеттері арқылы емдеу қызметтерін ұсынған аккаунт ашқан.

Әлеуметтік желілер арқылы жәбірленушілердің бірінің денсаулығына қатысты мәселелері бар екенін білген ол, өзін ерекше қабілетке ие адам ретінде көрсетіп, белгілі бір ақыға «емдеу» қызметін көрсете алатынына сендірген.

— Кінәлі 3 жәбірленушіден жалпы сомасы 5,5 млн теңгеден асатын ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, оны букмекерлік кеңселерде ставка жасауға жұмсаған, — делінген Астана қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемені ұсынды.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды ішінара өтеген.

Сот үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге