jasqazaq.kz

Астанада Президент атынан Конституцияның 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды

29 тамыз, 19:38

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова «Конституция және мемлекеттілік: құқық және болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Президенті атынан еліміздің құқықтық жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан адамдарға «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті.

Мерейтойлық медаль еліміздің Ата заңының 30 жылдығына орай тағайындалған және Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, ел тәуелсіздігін, қазақстандық қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, конституционализм идеялары мен қағидаттарын қалыптастыруға және дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына беріледі.

«Конституция – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізгі кепілі, тәуелсіздік пен мемлекеттік биліктің символы. Ата заңымыздың 30 жылдығын атап өту барысында біз өз еңбегі арқылы Қазақстанда және елімізден тыс жерде заң үстемдігін нығайтуға және демократиялық құндылықтарды ілгерілетуге үлес қосқан адамдарды құрметтейміз», – деп атап өтті өз сөзінде Эльвира Азимова.

Марапатталғандардың қатарында жетекші құқықтанушы ғалымдар, конституционалистер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, адам құқықтары және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмендер, мемлекеттік органдар мен кәсіби заң қоғамдастығының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының атынан мерейтойлық медальдарды Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Maqsut Narikbayev University алаңында өткен конференцияның сессиясы барысында, сондай-ақ Конституциялық Соттың судьясы Еркін Оңғарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткен конференцияның сессиясы шеңберінде еңбек сіңірген адамдарға табыс етті.

Сурет: ҚР Конституциялық соты

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет