Астанада «Көкшіл орамы» тұрғын үй кешенінде шыққан өрттен екі бала құтқарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«2017 жылы 29 қарашада сағат 10:41-де елордалық өрт сөндіру қызметіне Сарайшық көшесінің бойында орналасқан «Көкшіл орамы» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің біріндегі оныншы қабатта өрт шықты. Тұрмыстық киім-кешек өртенген. Өрт сөндіру барысында ТЖ мамандары екі баланы құтқарды», — деді ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Өрт аумағы — 18 шаршы метр. ТЖК мәліметінше, өрт 11.12-де ауыздықталып, 11:18-де толығымен сөндірілген. «Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге жеке құрамның 16 адамы және төрт арнайы техника жұмылдырылды», — деді Иманқұлов.