jasqazaq.kz

Астанада қияр ананастан да қымбат

28 желтоқсан 2016, 14:18

Астананың базарлары мен дүкендерінде бір келі қиярдың бағасы 900-2000 теңге арасында сатылып жатыр. Астанадағы бірнеше үлкен супермаркет пен «Артем» базарына барып, қияр бағасының неге мұнша шарықтап кеткенін анықтауға тырысты.

ҚазАқпарат хабарлағанда, дүкендер мен базарлардағы қиярдың көбі Ташкенттен, оңтүстіктегі Сарыағаштан және Ақмола облысы Степногор қаласынан тасымалданған екен. Бірақ, өзіміз өсірген қияр мен импортталған қиярдың бағасында еш айырмашылық жоқ. Астананың қияры импортталып келген қиярдан да қымбат болып шықты. «Артем» базарындағы сатушылардың барлығы қиярға шамамен бірдей баға қойған және «неге қымбат?» деген сұраққа, «көтерме бағамен сататын саудагерлердің бағасы қымбат» деп жауап берді. «Артем»-дағы бір келі қиярдың ең арзаны — 900 теңге, ең қымбаты — 1500 теңге. Ал, «Galmart» супермаркетіндегі «астаналық» қиярдың бір келісі 1380 теңге, ташкенттік қияр — 2040 теңге тұрады екен. «Small» әмбебап дүкенінде қиярдың бір келісі — 1310 теңгеден, «Алма» супермаркетіндегі қиярдың бір келісі 1461 теңгеден сатылып жатыр. Бірақ, экзотикалық өнім, мұхиттың ар жағынан келетін ананас жемісінің бағасы бүкіл жерде 500-700 теңге екен. «ҚазАқпарат» тілшісі анықтағандай, Астанада қияр мен қызанақ өсіретін бір ғана жылыжай бар екен. Оның қуаттылығы жыл он екі ай 1700 тонна қияр өсіруге жетелді. Бейресми бағаға сүйенсек, бұл жылыжай қиярды келісі үшін 300-400 теңге көтерме бағамен сатады. Бірақ, көбіне арзан қиярды Ресейдің мейрамаханаларына тікелей жеткізеді екен және де жылыжай өзі өсірген қиярды «Galmart», «КеңMart» және «Метро» дүкендеріне жеткізеді.

15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді