jasqazaq.kz

Астанада алаяқтарға көмек көрсеткен «дропперлер» тобы әшкереленді

29 қыркүйек 2025, 15:02

 Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде әрекет еткен алаяқтарға көмек көрсеткен «дропперлер» тобының іс-әрекетін әшкереледі. 

Анықталғандай, 2025 жылғы 5-7 ақпан аралығында шетелде орналасқан алаяқтар «Call-орталық» ұйымдастырып, IP-телефонияны пайдалана отырып, Қазақстан азаматтарына қоңырау шалған. Олар өздерін мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарды күмәнді ақшалай аударымдар туралы жалған ақпаратпен алдап, қаражатты Ұлттық банктің «қауіпсіз» шоттарына аударуға көндірген.

— Ақшаны қолма-қол шығару үшін Қазақстанның төрт азаматын тартқан, оның ішінде кәмелетке толмағандар анықталды. Олардың ішінен екеуі сыйақы үшін өзге тұлғалардың атына ресімделген банк карталарын іздестірген. Біреуі карталарды алып отырған, ал екіншісі банкоматтар арқылы ақшаны шешіп отырған. Қолма-қол қаражат кураторларға беріліп, олар өз кезегінде ұйымдастырушылардың нұсқауы бойынша ақшаны криптовалютаға ауыстыратын тұлғалардың шоттарына аударып отырған, — делінген хабарламада.

Аталған алаяқтық жүйе салдарынан 7 адам зардап шеккен, материалдық шығын 5,5 млн теңгеден асты.

Барлық айыпталушы сотқа берілді.

Астана қаласының прокуратурасы — бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау, сондай-ақ сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену — яғни алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершіліктің көзделгенін еске салады.

inform.kz

Фото: freepik.com

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат